Қазақстан қауіпсіздік мәселелерін шешуге күш салады

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өңірлік және халықаралық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешуге күш салады. Бұл туралы бүгін елордада Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі Астана процесінің жалпы отырысын ашқан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Мемлекет басшысының бітімгершілік бастамалары, сонымен қатар бүкіл әлемдегі елдер арасындағы жанжалдарды шешу мен шиеленістерді қысқартудағы үлесі халықаралық деңгейде мойындалған. Қазақстан бүгінгі шараның барынша жемісті боларына шынайы үміт артады. Біз прогресс болатындығына және соғысты тоқтату режімінің жүзеге асырылатындығына үміттенеміз», деді А.Камалдинов.

Сондай-ақ ол Қазақстан 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өңірлік және халықаралық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешуге бар күшін жұмсайтындығын баса айтты.

«Бұл тұрғыда біз Сирия бойынша мәселелерді реттеуге де өз үлесімізді қосуға дайынбыз», деді вице-министр.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

4 + 15 =

Мұрағат
ақпан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң  
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
QR-код

Осыған ұқсас

  • Наурыздан бастап Қазақстанда жасалған Nexia-лар сатылады

    Қостанайлық «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» кәсіпорны 22 наурыздан бастап Ravon Nexia R3 көлігін шығара бастайды. Бұл туралы Ташкентте өткен Қазақстан мен Өзбекстанның үкіметаралық екіжақты комиссиясының 16-шы отырысында AllurGroup президенті Андрей Лаврентьев мәлімдеді. Оның айтуынша, осы...
  • Үкімет қазақстандықтардың оффшорын бақылауға алуы мүмкін

    Қазақстан оффшорлық аймақтармен қаржы мәліметтерін автоматты алмасып отыру туралы келісімге келуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев мәлімдеді. «Бизнесті көлеңкеден...
  • БҰҰ лаңкестікке қарсы жаңа басқарма құруды ұсынды

    БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерреш Бас ассамблея отырысында ұйым басшысының орынбасарына бағынатын лаңкестікке қарсы басқарма құруды ұсынды, деп жазады World News Network. Бас хатшының айтуынша, бұл басқарма лаңкестікке қарсы күрестің қазіргі...
  • Женевада сирияаралық келіссөздер басталды

    Женевада сирияаралық келіссөздер қайта жанданды, төртінші кезең қатысушылардың БҰҰ Сирия жөніндегі арнайы елшісі Стаффан де Мистурамен қостарапты кездесулерінен басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Бір жылдық...