Еліміздің бірнеше облысында жол жабылды

Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы жолдар жабылды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті.

Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» (246-330 шақырымдар), «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» (92- 258 шақырымдар) жолы барлық автокөлік түрлері үшін жабылды.

Оңтүстік Қазақстан облысында да ауа райының қолайсыздығынан (бұрқасын, көктайғақ, жаңбыр, жолдың көрінбеуі) облыстық маңызы бар «Қошқар ата-Жарықбас-Бірлік» жолының 77-144 шақырымы аралығында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылған

Сондай-ақ «ҚазАвтожолдың» мəліметінше, Алматы облысында Үшарал-Достық бағытындағы жолдың 83-184 шақырымы аралығында көлік қозғалысы тоқтатылған. Аймақта ауа райы тосын мінез көрсетуде. Қатты боранның әсерінен көлікпен қатынау мүмкін емес.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

19 − 11 =

Мұрағат
ақпан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң  
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
QR-код

Осыған ұқсас