«Мың тырна» аңызы

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітап­ханасы» мемлекеттік мекемесінің Интерактивті білім беру орталығында тұрған бағалы жәдігердің бірі – 2002 жылы Президент Н.Назарбаевқа тарту етілген, жапон балаларының өз қолдарымен бүктеген «1000 қағаз тырнасы». Президенттің Семейдегі ядролық полигонды жабу және «АТОМ» халықаралық жобасын құру жөніндегі бастамаларына жапон балалары ризашылықтарын осылай білдірген.

Ал енді «қағаз тырналарға» келсек, «ол неге 1000 тырна?» деген сауал тууы мүмкін ғой. Хиросимадағы жарылыстан кейін екі жастағы Сасаки Садако деген қыз таңғаларлық жағдайда аман қалған. Бірақ он жас­тан аса бергенде қан обыры ауруына шалдығады. Сонда қыз ауруханада жатып «қағаздан мың тырна жасасаң, тілегің орындалады» деген жапондардың ескі аңызы бойынша бос уақытында қағаздан тырна жасай береді. Сасаки 12 жасында қайтыс болады. Тек 644 тырна жасап үлгеріпті. Достары ол жасай алмаған тырналардың орнын толтырады. Содан бері жапондарда «мың тырна» аңызы тіріліп, тыныштықтың, тілектің орындалуының символына айналғанға ұқсайды. Бір жағынан қағаз бүктеу жапондарда үлкен өнер саналады. Қағаздан түрлі нәрселер жасау өнер саналады. Оны олар оригами деп атайды.

Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген
Орынбай БАЛМҰРАТ

Айдары
ЕлЖаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

жиырма − бес =

Мұрағат
ақпан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң  
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
QR-код

Осыған ұқсас