2016 жылы Қазақстанның ЕАЭО елдерімен саудасы төмендеді

2016 жылы Қазақстанның ЕАЭО елдерімен саудасы 16,8 % төмендеді, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.

2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО елдері арасындағы сауда-саттық 13 583,5 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2015 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 16,8% аз.Оның ішінде экспорт — 3 917,6 млн. АҚШ долларын (23,5% азайған), импорт 9 665,9 млн. АҚШ долларын (13,7% аз) құрады.

Қазақстан Республикасы экспортының құрылымында минералды өнімдер (ЕАЭО елдеріне жалпы экспорт көлемінің 33,4%), металдар мен металл өнімдері (25,7%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (19%), жануарлар және өсімдіктерден алынған өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары (10,8%) басым.

Ал Қазақстанға ЕАЭО елдерінен көбіне машиналар мен құрылғылар (ЕАЭО елдерінен келетін жалпы импорттың 25,8%), минералды өнімдер (16,8%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (16,5%), жануарлар және өсімдіктерден алынған өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары (13,9%), металдар мен металл өнімдері (12,5%) жеткізіледі.

 

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

2 × 1 =

Мұрағат
ақпан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң  
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
QR-код

Осыған ұқсас