Фируза Шәріпова Астанадағы бокс кешінде жұдырықтасуы мүмкін

EXPO-2017 аясында өтетін бокс кешінде қазақстандық былғары қолғап шебері Фируза Шәріпова жұдырықтасу мүмкін. Бұл туралы оның менеджері Сергей Завилейский мәлімдеді, деп хабарлады allfight.ru.

«EXPO-ны ұйымдастырушылардың тарапынан бокс кешіне қатысу жайында ұсыныстар болмады. Бұл жайында Серік Сәпиевпен ақылдасқан болатынбыз. Ойымыз бір жерден шықты. Фирузаның Астанада жекпе-жекке шыққаны жақсы болар еді. Біз өз тарапымыздан бокс кешіне қатысуға дайын екенімізді айттық. Маған да, Фирузаның өзіне де EXPO аясында жекпе-жек өткізген қызық болғалы тұр», – деді Завилейский.

«Егер жекпе-жек өтер болса, Фируза әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасуы мүмкін. 1 сәуір күні сегіз раундқа жалғасатын аралық жекпе-жек өткізеді. Мүмкін бір атақ үшін қолғап түйістіреді. Осыған байланысты, кеше ғана WBC өкілдерімен сөйлестім. Фирзуа 1 сәуір күні қандай атақ үшін жұдырықтасатынын айтатын болады, — деді боксшының менеджері.

Айта кетейік, кеше Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы EXPO-2017 көрмесіне арналған бокс кеші өтетінін растаған болатын.

«Әрине, спорт шаралары – EXPO аясындағы жетекші орында. Бес әлем чемпионатын, екі Азия чемпионатын, Президент кубогц – теннистен халықаралық турнирін, «Жібек жолы — 2017» халықаралық раллиін өткіземіз, ол Мәскеуде басталып, кейін Астан, Бейжіңге барады. Дүниежүзілік бокс кеңесінің халықаралық мерейтойлық 55-конвенциясы мен бокс кешін өткіземіз», – деді Мұхамедиұлы.

Айдары
ЖаңалықтарСпорт
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

бес × үш =

Мұрағат
ақпан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң  
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
QR-код

Осыған ұқсас