Бір ғасырдан кейін Марста қала салынады

Тұп-тура бір ғасырдан кейін Марс ғаламшарында мына суреттегідей кішкене қалашық бой көтеретін болмақ. Бұл туралы Дубай қаласында өткен Бүкіләлемдік үкіметтік саммит аясында Біріккен Араб Әмірлігінің билігі жария етті. Тіпті, қатысушыларға болашақ қаласының жоспары мен макеті де көрсетілді, деп жазады muslim.kz.

Жобаның таныстырылымында БАӘ-нің премьер-министрі және Дубай әміршісі Мухаммад бин Рашид әл-Мақтумның өзі қатысып, жоба маңыздылығына тоқталды.

«Марс 2117» деп аталатын қалашық құрылысына екі халықаралық ұйым атсалысатын болады. Бұған қоса, әлемдік ғылыми-зерттеу институттары да жұмылдырылмақ. Бір ғасырға есептелген жоба аясында қызыл ғаламшарға азық-түлік жеткізу және адам тасымалын қамтамасыз ететін мамандар даярлау ісі қарастырылған.

Айдары
-Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

19 + он төрт =

Мұрағат
ақпан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң  
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
QR-код

Осыған ұқсас

  • Тынық мұхитында жүзіп жүретін қала салынады

    2019 жылы Тынық мұхитындағы Таити аралы жанында әлемдегі алғашқы су бетіндегі қала құрылысы басталады. Француздық Полинезия үкіметі америкалық Систейдинг институтымен жобаны қолға алу туралы келісімге қол қойды, деп жазады...
  • Мысыр жаңа астана салып жатыр (фото)

    Жоспар бойынша, жаңа астанаға 5 млн адам қоныстанбақ. Онда 1000-нан астам мешіт, ақылды қалашықтар, индустриялды аймақ пен әлемдегі ең үлкен бақ болмақ, деп хабарлайды CNN.   Жалпы аумағы 700 шаршы...
  • Грекиядан ежелгі қаланың ізі табылды

    Грекияның орталық бөлігінен археологтар шамамен 2,5 мың жыл бұрынғы ежелгі қаланы тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл Афинаның солтүстігінде Кардица маңында орналасқан. Қаланы тапқан археологтар Гетерборг университетінде (Швеция) жұмыс...
  • Қазақстанның ең таза қаласы анықталды

    Жақында OLX сервисі жүргізген зерттеу нәтижесінде Қазақстанның ең таза және ең лас қалалары анықталды. «Мінсіз қала» жобасы аясында қазақстандықтар арасында ең таза қаланы анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Тұрғындар қаладағы...