Жақияновқа үш бөлмелі пәтерді сыйға тартты

Жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жанат Жақияновқа (27-1, 18 КО) Петропавлда үш бөлмелі пәтерді сыйға тартты. Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады.

Жаңа пәтердің кілтін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов табыс етті. Өңір әкімдігінің сайты боксшының қосымша ақшалай сыйлық алғанын хабарлады.

33 жастағы былғары қолғап шебері Петропавл қаласында туып, осында тұрып келеді. Оның анасы, жары, тоғыз айлық ұлы Ердос пен бір жарым жасар қызы Нұрай бар. Уақытының көбін Ұлыбританияда өткізеді. Мұнда ол бапкер Рикки Хаттонмен жаттығу жұмыстарын өткізеді.

«Жанаттың жарқын жеңісі, қос белбеудің иегері атанғанының арқасында рейтингте жерлесіміз Бейбіт Шүменовтен озып, Головкинмен бір қатарда тұруына мүмкіндік берді. Сонымен қатар, кәсіпқой бокста чемпиондары саны жағынан еліміз үздік бестікке енді», – деді өңір әкімі.

Айта кетейік, 11 ақпан күні АҚШ-та Жанат Жақиянов америкалық Роуши Уорренді (14-2, 4 KO) жеңіп, WBA (Super), IBO нұсқалары бойынша жаңа әлем чемпионы атанды.

Айдары
ЖаңалықтарСпорт
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

2 × 4 =

Мұрағат
ақпан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң  
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
QR-код

Осыған ұқсас