ШҚО әкімі облыстық мешітке автокөлік сыйлады

Биылғы жылдың қаңтар айында аймақ басшысы Өскемендегі облыстық мешіттің жұмысымен танысқан кезінде бас имам Ермек қажы Мұқатай аудандарды аралау үшін автокөлік қажет болып отырғандығын жеткізген еді. Даниал Ахметов бұл мәселені бюджеттік емес қаржы көздерін тарта отырып шешуге қолдау көрсететінін айтқан-ды сол кездесуде.

Бүгін облыс әкімі «Халифа Алтай» мешітіне арнайы барып, «Toyota Camry» автокөлігін табыстады. Д.Ахметов көлікті алуға қолдау көрсеткен «Өскемен құрылыс» компаниясының директоры Ержан Ысқақовқа алғысын білдірді.

Биылғы көктемде мешіт ғимаратының астында орналасқан көлік тұрағына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мешіт жанынан 50-60 орындық медресенің құрылысы басталатын болады.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

он үш + сегіз =

Мұрағат
ақпан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң  
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
QR-код

Осыған ұқсас

  • Биыл ШҚО-да 360 км жол жөнделмек

    Биыл да бірінші кезекте өңірдегі облыстық және республикалық жолдарды жөндеуге басымдық берілмек, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Былтырғыдай, жолдарды қалпына келтіру жұмыстары алдымен орта жөндеуге бағытталады. Жалпы алғанда, бүгінде...
  • Қазақстанның үш облысында қар көшкіні қаупі бар

    ҚР ІІМ ТЖК Қазақстанның үш облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты ескерту жариялады. «Таяу тәулікте Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі сақталады. Көшкін...
  • Испанияда Ferrari-дің жалған көшірмесін жасаған фабрика анықталды

    Испанияның Жирон қаласында полицейлер Ferrari мен Lamborghini спорт көліктерінің жасанды көшірмесін жасаған фабриканы анықтады, деп хабарлайды  La Voz de Galicia басылымы. Полицейлер жүргізген арнайы операция барысында төрт дайын көлік пен аяқталмаған...
  • Голландияда ұшатын көліктер сатылымға шығарылды

    Нидерланд елінде PAL-V фирмасы өзі құрап шығарған ұшатын көліктің екі маркасын сатылымға шығарды. Бұл туралы life.ru хабарлады. Голландиялықтар жаңа көлік құру жұмыстарын 2009 жылы қолға алған. Ал 2012 жылы...