Батыс Қазақстанда автобус паркін жаңғырту үшін 7 млрд теңге бөлінеді

Еуропа қайта құру және даму банкі арқылы «Жайықжылуқуат» АҚ Орал жылу-қуат орталығының жылыту жүйесін жаңғыртуға және болашақта облыс орталығындағы автобус паркін жаңартуға 7 млрд. теңге тарту көзделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, аталмыш банк жеңілдікпен несие бермекші.

Сонымен қатар, инвестиция тарту мақсатында басқа да жұмыстар атқарылады. Мысалы, «Lammin» фин компаниясымен құрылыс индустриясы, швейцариялық «АВВ» компаниясымен электр жабдықтарын өндіру, ирандық «Falizan» компаниясымен мұнайхимия саласында құрылған бірлескен кәсіпорындар жоғары технологияға негізделген өндірісті дамытуға мүмкіндік береді.

Елбасының бизнес ортаны кеңейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес өңірде нақты жұмыстар атқарылуда. Облыста шағын бизнесте 100 мыңдай адам немесе экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі еңбек етуде. Мемлекеттік бюджетке барлық түсімнің бестен бір бөлігі (53 млрд. теңге) шағын және орта бизнестен түседі. Оның үлесі 11 млрд. теңгеге көбейді, бұл қарқын алдағы уақытта да төмендемейді.

«Биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен жеке бизнесті 4,5 млрд. теңге көлемінде қолдау көзделуде. Қазірдің өзінде жүзеге асырылуға дайын 1 млрд. астам теңгені құрайтын 115 жоба бар», – деді өңір басшысы.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

14 − 1 =

Мұрағат
ақпан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң  
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
QR-код

Осыған ұқсас