Қазақстан қорғанысқа қаржы бөлуді азайтты

ҚР қорғанысы мен қоғамдық қауіпсіздікті қаржыландыру көлемі 2016 жылы 1 трлн теңгені құрады. Бұл 2015 жылғымен салыстырғанда 1,1 пайызға артық. Соның ішінде қорғаныс саласына қаржы бөлу 3 пайызға азайса, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге берілетін қаражат 5 пайыз көбейген, деп жазады ranking.kz.

Қорғаныс пен қоғамдық тәртіпке бюджет шығынының 11 пайызы жұмсалады. Бұл сала көлемі жағынан үшінші орында. Ал бірінші және екінші орында әлеуметтік қолдау (21%) және білім беру (18%). Қорғаныс пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бөлінетін қаржының 41-43 пайызы қорғанысқа бағытталса, қалғаны қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот және қылмыстың алдын алу қызметтеріне жұмсалады.

Жалпы, бұл сала негізінен республикалық бюджет тарапынан қаржыландырылады. Нақтырақ айтар болсақ, шығынның 86 пайызы республикалық бюджеттен, қалған 14 пайызы жергілікті бюджеттен бөлінеді.

Қорғаныс саласына ең көп қаржы бөлетін өңірлердің көшін ОҚО, Ақмола және Алматы облысының үштігі бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Алмат мен Қарағанды облыстары.

Ал қоғамдық тәртіпті қадағалау тұрғысынан ең көп қаржы бөлетін өңірлер Алматы қаласы мен ОҚО. Одан кейінгі орында Астана қаласы. Астанадан кейін тиісінше Қарағанды, Алматы облысы мен ШҚО.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

20 − төрт =

Мұрағат
ақпан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң  
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
QR-код

Осыған ұқсас

  • Әскери білім жүйелілікті қажет етеді

    2011 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Әскери доктринасы бекітілді. Оның жекелеген ережелерінде Қарулы күштер, басқа әскерлер мен жауынгерлік құрылымдар дамуының шарттары мен негізгі бағыттары нақтыланған. Сонымен қатар, қарулы...
  • Қысқы спорт қағажу көрмейді

    Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Тұратбек Шарапиевтен жүздесіп, аймақтағы спорттың бағыты және қысқы спорт түрлері туралы пікірлескен едік. – Тұратбек Төлебекұлы, қыс­қы спорт түрлеріне жетісу­лық­тар қандай...
  • Аз жылда әлеуетті әскер жасақтай алдық

    25 жыл – адамның даму кезеңінің шарықтау шегі. Ал мемлекет үшін ширек ғасыр дамудың даңғыл жолына түсудің бастапқы кезеңі секілді. Қазақстан өзінің Тәуелсіздігін жариялау арқылы аталған кезеңнің алғашқы қадамдарын...
  • Тағзым кітабы таныстырылды

    Соғыс қасіреті ешқашан ұмытылмайды. Сондықтан да «Боздақтар» атты кітапты шығарушылар бұл мақсаттарын 1941-1945 жылдары майдан даласынан оралмаған және елге аман-есен оралған соғыс ардагерлері алдындағы парыз деп санайды. Тағзым етеді....