Фируза Шәріпова: EXPO-2017 кезінде шаршы алаңға шыққым келеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шәріпова EXPO-2017 кезінде әлем чемпионы атануды армандайтынын мәлімдеді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

«EXPO-2017 кезінде өтетін бокс кешіне қатысуды армандаймын. Сондай-ақ, жоспар бойынша сол уақытта титулды жекпе-жек өткізуім керек. Өз елімде, жанкүйерлерімнің көз алдында әлем чемпионы атанғанға не жетсін, шіркін! Ғаламторда осы идеяны қолдап пікір жазғандарды оқығанда керемет бір күйде қаламын», – деді Шәріпова.

«Менеджерім екеуіміздің ойымыз бір жерден шықты. Дегенмен, EXPO-2017 ұйымдастырушыларының тарапынан әзірге ешқандай ұсыныс түскен жоқ. Баспасөз беттерінде жазылғандай, көпшілік атақты боксшылармен айқасқанымды қалайды. Жекпе-жегім бокс кешінің сәнін кіргізеді деп ойлаймын», – деді боксшы қыз.

«Ұйымдастырушылар тарапынан ұсыныс күтіп жүрміз. Ал өзіміз тыңғылықты түрде дайын болуға әрі чемпиондық атақ үшін кездесу өткізуге уәде береміз. Өз елімде чемпион атану үшін барымды саламын», – деді Фируза.

Айдары
ЖаңалықтарСпорт
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

бір × бір =

Мұрағат
ақпан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң  
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
QR-код

Осыған ұқсас