Азиада ойындарында Қазақстан туы көтерілді

Жапонияның Саппоро қаласында өтетін Қысқы Азиада-2017 ойындарында Қазақстан туы ресми түрде көтерілді. Рәсім бүгін өтті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов мәлімдеді.

«Бұл әдеттегі Азия елдерінің спортшылары қатысатын іс-шара. Туымыз көтерілді, әнұранымыз орындалды. Енді біз континенттік жарысқа ресми түрде қатысамыз. Спортшыларымыздың толығымен келді. Қатысушыларға барлық жағдай жасалған. Енді жарыстарға дайындықты бастаймыз», – деді Елсияр Қанағатов.

Айта кетейік, Қысқы Азиада-2017 ойындары Жапонияның Саппоро қаласында 19-26 ақпан аралығында өтеді. Жарыстың 11 түрінен өнер көрсетіп, 64 медальға таласады.

Фото: vesti.kz.

Айдары
ЖаңалықтарСпорт
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

5 × 1 =

Мұрағат
ақпан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң  
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
QR-код

Осыған ұқсас