Атырауда құсбегілер бас қосады

Ақпанның 18-19 күндері Атырау қаласында құсбегілер арасында республикалық турнир ұйымдастырылады, деп хабарлайды abctv.kz.

Ұлттық спорт түрлерінен өтетін «Қансонар-2017» құсбегілер турниріне Қазақстанның әр өңірінен 30 бүркіт, жеті қаршыға келеді деп күтілуде. Төрт кезеңнен тұратын сайыста бүркіттер қоян, қарсақ және қасқыр аулау бойынша сынға түседі. Қазіргі кезде аңдар денесіне зақым келтірілмей жалаң қолмен ауланып, торда күтіп ұсталынуда.

Атырау облыстық ұлттық спорт клубының басшысы Өнербек Жанбаланың айтуынша, бұған дейін мұндай турнир Атырауда осыдан тоғыз жыл бұрын өткен.

Бүркіттің бабы мен бағын келістірген құсбегілерге бірінші орын үшін 300 мың теңге, екінші орынға 200 мың және үшінші орын үшін 100 мың теңге сыйақы тігілмек.

«Турнирде Атырау облысының намысын үш құсбегі қорғайтын болады. Олардың ішінде Арман Қошқаровтың «Нарын» деген бүркіті 2014 жылы өткен халықаралық турнирде Венгрия, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Чехословакия елдерінен келген 64 бүркіттің арасынан бас бәйгені жеңіп алған. Қазақстанның екі дүркін чемпионы атағына ие», – дейді ұлттық спорт клубының басшысы Өнербек Жанбала.

Турнирдің ашылуы 18 ақпан күні сағат 10.00 де Атырау дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде басталады деп жоспарланған. Ал, құсбегілер сайысы сағат 11.00-де Жаңаталап ауылындағы «Құлагер» ипподромының маңында, «Жайық» жағасында өтеді.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

он үш + 8 =

Мұрағат
ақпан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң  
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
QR-код

Осыған ұқсас