АПЛ-дің белгілі төрешісі Сауд Арабиясына ауысты

Ағылшын премьер-лигасының төрешісі Марк Клаттенбург Сауд Арабиясы футбол федерациясына жұмысын ауыстырды. Бұл туралы eurosport.ru хабарлады.

«Англия кәсіби төрешілер қауымдастығы (PGMOL) Марк Клаттенбургке Сауд Арабиясы футбол федерациясындағы жаңа жұмысына сәттілік тілейді. PGMOL-дың іріктелген құрамына енгеннен бастап жоғары деңгейде жұмыс істеп келді. Бұл Марк үшін тамаша мүмкіндік. Сондай-ақ, Англия төрешілерінің беделін әлем алдында тағы бір дәлелдеді», – делінген PGMOL хабарламасында.

Өткен жылдың желтоқсан айында Клаттенбург Сауд Арабиясынан бөлек Қытай Суперлигасынан да ұсыныс түскенін айтқан болатын.

Айта кетейік, 41 жастағы маман бүгінге дейін 600-ге жуық ойынға төрелік еткен. Соңғы рет ол 11 ақпанда өткен «Арсенал» мен «Халл» арасындағы матчқа басшылық етті.

Айдары
ЖаңалықтарСпорт
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

3 + 5 =

Мұрағат
ақпан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң  
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
QR-код

Осыған ұқсас