Үш кенттің тұрғындары Қарағанды облысына көшіріледі

Пайдалы қазбалардың өндірілуіне байланысты Весовая, Крестовский және Перевалка кенттерінің тұрғындары жаңа жерге көшіріледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Сәтбаев қаласының кешенді даму жоспарына сәйкес, үш кенттің тұрғындары «Нұрлы мекен» жаңа мөлтекауданына көшіріледі. Ал, оларға тиесілі жер телімдері пайдалы қазбалар өндіру мақсатында мемлекеттің қарамағына өтеді. Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков халыққа есеп беру кезінде хабарлағандай, ауыл тұрғындарын көшіру үшін бес қабатты 25 тұрғын үй тұрғызылады.

«Қазіргі таңда 859 отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 39 тұрғын үй салынып, алты пәтер сатып алынды. 1150 отбасы үшін жалпы аумағы 78 мың шаршы метрлік бес қабатты 25 үй салынуда. Құрылыс жұмыстары 2017 жылы аяқталады», — деп мәлімдеді Қарағанды облысының әкімі.

«Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру үшін бір жарым миллиард теңге бөлінді. 19 мың шаршы метрлік тұрғын үй қүрылысы жоспарымызда бар. Бұл кезекте тұрған 336 жанұяны баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшылары үшін, соның ішінде жергілікті атқарушы органдарда жұмыс жасайтын кезекте тұрғандарға несиелік үй құрылысы жалғасады. Қазіргі таңда осындай тұрғын үйдің құрылысына арналған 11 жоба бар», — деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Айдары
Жаңалықтар
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

5 × 2 =

Мұрағат
ақпан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң  
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
QR-код

Осыған ұқсас