Жамбыл облысында қар көшкінінен 7 жауынгер мерт болды

Жамбыл облысындағы Көксай шатқалында өтіп жатқан әскерилердің жауынгерлік дайындық сабағы барысында қар көшкіні болып, 7 жауынгер мерт болды. Қорғаныс министрлігі қайғылы оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

«Жамбыл облысындағы Көксай шатқалында өтіп жатқан 91678 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жоспарлы сабағы барысында күтпеген жерден қар көшкіні  орын алды», – делінген ресми мәлімдемеде.

Қазіргі таңда Жамбыл облысы Көксай шатқалындағы іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, 16 адам құтқарылды. Іздестіру іс-шараларына Қарулы күштердің әскери қызметшілері, Жамбыл облыстық ТЖД жедел жасағы, Шекара қызметінің әскери қызметшілері арнайы техникамен жұмылдырылды. 

Қорғаныс министрлігінің басшылығы қаза тапқандардың отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Премьер-министрдің қаулысына сәйкес, Қорғаныс министрлігінің басшылығымен комиссия құрылды. 

Айдары
ЕлЖаңалықтар
2 пікір жазылған
  • алмас
    18 ақпан 2017 at 11:55
    Пікір жазу

    иманды болсын

  • дина
    18 ақпан 2017 at 11:55
    Пікір жазу

    иманды болсын, бедные, до чего жестока лавина…

  • Пікір жазу

    *

    *

    1 + он сегіз =

    Мұрағат
    ақпан 2017
    ДсСсСрБсЖмСнЖк
    « Қаң  
     12345
    6789101112
    13141516171819
    20212223242526
    2728 
    QR-код

    Осыған ұқсас