Павлодарлық полицейлер жол апатының алдын алды (фото)

Павлодарлық полицейлер балалар отырған автобусты жол апатынан аман алып қалды, деп хабарлайды tengrinews.kz 

«Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімі полициясының қызметкерлері қызметтік Lada Granta көлігімен балалар отырған автобусты шығарып салып бара жатқан. Балалар Павлодардағы шаңғы жарысына бағыт алған. Павлодар-Астана автожолында Қалқаман ауылының маңында 50 жастағы КамАЗ жүргізушісі қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Жүк көлігі мен балалар отырған автобус соғыспауы үшін полиция старшинасы Мұрат Нұрсейітов ойланбастан қызметтік көлікті жолға көлденең бұрып үлгерген. Нәтижесінде КамАЗ полицияның қызметтік көлігін соққан», – делінген өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қызметтік көлікте отырған полицейлердің бірі түрлі жарақаттармен Павлодардағы ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта балаларды құтқару үшін бастарын қатерге тіккен полицейлердің аты-жөндері анықталды.

Павлодар облысы ІІД полиция аға сержанты Баянбек Жүнісов дене жарақаттарын алғанын растады. Ол ауруханаға барудан бас тартқан. Ал үш баланың әкесі –  полиция аға сержанты Мұрат Нұрсейітов қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер аса ауыр деп бағалап отыр.

Айта кетейік, ержүрек полицейлердің арқасында жол апатынан аман қалған автобус ішінде 18 бала және оларды алып келе жатқан төрт тәрбиеші болған.

«Полицейлер денсаулығы дұрысталғаннан кейін наградаға ұсынылады», – деді Павлодар облысының ІІД өкілі.

Айдары
ЖаңалықтарҚоғам
Әлі пікір жазылған жоқ

Пікір жазу

*

*

10 + он =

Мұрағат
ақпан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
« Қаң  
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
QR-код

Осыған ұқсас