Қолдан құрастырылған «Барс»

Кейбіреулердің сөздерінің астарынан «Өзі жынды ма? Темір-терсекте несі бар? Дайын көлікті мініп жүре бермей ме?» деген сыңайдағы ойларын сезіп қаламын», дейді Баянбай.
Егемен Қазақстан
16.01.2017 3593
2

Өз қолымен ерекше көлік құрастыруды бала кезінен армандаған сыңайлы. Әйтеуір, ес білгенінен техника көрсе, соны шұқылап көруге құмартады да тұрады екен. Енді отбасылық автобус құрастыруды ойлап жүр. Бұл көліктің ішіне ас бөлмені, жатын орынды, өзге де жолға қажет керек-жарақтарды сыйдырмақ.

Өткен жылдың қараша­сының соңында ғаламтор беті­нен қызылордалық қазақтың көлік құрастырғаны туралы ақпаратты көзіміз шалып қалды. Әскери техникаға ұқсайтын «Барс» атты машина Баянбай Исраилов деген ел ағасы дейтіндей азаматтың туындысы екен. Жағымды жаңа­лықты оқырманға кеңейтіп жеткізуге біз де асықтық. Көлік иесімен кездесу қиынға соққан жоқ, өйткені ол бүгінде Астанада тұрады.

«Барс» бір көргенде-ақ көңіл тоғайтады, көз сүйсін­діреді. «Қолдан құрас­ты­рылған» деуге қимайтындай, зауыт­тың кәнігі өніміндей. Жеңіл көліктер қатарына жат­­қыз­­ғанымен, ішіне алты-жеті адам еркін сыяды. Әңгі­меле­суге, демалуға, ұзақ жол­ға өте ыңғайлы. «Бұл – тек кеңес заманында шығарылған көлік­тер­дің жиынтығы. Негіз­гі «доноры» – «ГАЗ-66», дей­ді Баян­бай. Құжаттары ресім­делген, мемлекеттік нөмірі бар.

Кәсібімізге кірісіп, көлік иесін сұрақтың астына алдық, кеңінен жауап берді. «Біздің ауыл күріш егеді. Науқаннан соң жарамсыз болып қалған техникалар далада қалады. 6-7 сыныптарда оқып жүргенімде соларды бұзып, ойнау маған сондай қызық болатын. Ал олар ауылдан 15-20 шақырым қашықтықта ғой. Қай жерде жатқанын жақсы білемін, сабақтан шыға сала сонда тартамын», дейді аға бала кезін есіне алып.

Техникаға деген құмарлы­ғы бозбала Баянбайды Алматы политехникалық институтына алып барады. Автоматика-теле­механика мамандығы бо­йынша білім алады. Әскер қатарына барғанда да әуе қор­ғанысы күштерінде ма­ман­дығымен қызмет етеді. «Көлік жасау туралы ойым ел егемендігін алар тұста, мү­­лік­тер жекеменшікке беріле бас­таған жылдары туды. Бірақ Ұлттық қауіпсіздік коми­тетіндегі қызметім кеудемде піскен осы идеяны жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Десе де, керек дүниелерді, жаңа ойларымды қағазға түсіріп, сызып қойып жүрдім. Мен осындай ойларға шырмалып жүргенде тараздық Локтев деген орыс ұлтының өкілі бір көлік құрастырды», дейді Баянбай. Бірақ ол жүк көлігінің қаңқасын қысқар­тып, үстіне «Волганың» шана­ғын орната салған. Журна­лис­тер жарыса жазған жаңа­лық кейіпкерімізге ұнай қоймаған сияқты. Өйткені, Локтевтің көлігіне мінген не, «Волгаға» мінген не, бәрібір еді. Иесі «Лав» деп атаған көліктен кейін, 2002 жылы Петропавлда Сухов деген тағы бір өнертапқыш түрлі темір-терсектен кәдімгі «Уазик» құрастырып шығарған.

Ал Баянбайдың көксегені басқа көлік. «Жатсам-тұрсам ойымнан шықпайды. Жалпы нобайының үлгісін, ішкі жүйе­сіне қатысты материалдар­ды ғаламтордан қарап, ізденіп жинақ­тай бердім», дейді «Барс­тың» иесі. Енді жұмысты бастау үшін көмекші шебер керек. Өйткені, өзі дәнекерлеуші емес, не электрик емес. «Қазақ десең өзі­ңе тиеді, біз­дегі жөн­деуші шебер­лердің бар­лығы дерлік кәні­гі мамандар болмай шық­ты, –  дейді ол. – Біздің шебер деп жүргендеріміз майыс­қан есікті түзегеннен гөрі, жаңа­сын әкеліп сала сал­ған­ды жөн көре­ді екен. Ал өз қол­дарымен түзеп істейтін шебер некен-саяқ. Олардың өзі жұ­мыс­тарына миллиондап сұрай­ды, бірақ фантазиялары жоқ».

Баянбай шебер іздеп, Шым­кентке жол тартты. Үміті алдамаған екен, іздеген адамын тауып, екі жыл бірге жұмыс істеді. Жасаған дүние­лері ұнамай, бірнеше мәрте қайта істеген кездері де аз емес. «Көлікті құрастыру кезін­де біраз оқиғалар болды. Мәселен, көз тию деген нәрсенің рас екеніне көзім жетті. Ойымыздағы көліктің қаңқасын құрап, моторын орнатып қойғанбыз. Көмекшім Артық «Көке, көшеге шығып, бір айналып келсек, қайтеді?» дегені. Көңілін қимадым, шық­тық. Қарабұлақ ауылының жұрты техникаға құмар екен. Соңымыздан ерген адамдарда есеп жоқ. «Бұл қандай көлік?», «Кім жасады?», «Қа­лай құрастырдыңдар?» деп сұрайды. «Артықтың қолынан шыққан», деймін. Бәрі таң қалып қарайды, қызығады.

…Машинаның жобасын бітірдік. Ұсақ-түйек шаруаларды Артыққа тапсырып, Астанаға кеткенмін. Араға бір апта салып келсем, бір құрылғының пышағы жарылып, көмекшімнің төрт сау­сағын бірдей кесіп түсіпті. Абырой болғанда, дәрігерлер сүйектерін жалғап, емдеп беріпті. Өз қолындай бол­ма­ғанымен, ыңғайға көнеді», дейді Баянбай өткен қиын­дықтарға ой жүгіртіп.

Негізі мұндай құрастыр­малы дүниеге қызығатындар баршылық. Десе де, кейіп­керімізге «Не қыласың басың­ды ауыртып? Одан да кәдімгі көлік сатып алып, ойқастап жүре бермейсің бе?» деп ақыл айтатындар да жетерлік екен. Ал ол өз қолымен құрастырған көлікке жетпейтінін айтады. «Әйелдің толғағы сияқты, ойыңда жүрген дүние қолың­нан шыққанша жаныңа тыным таптырмайды ғой», дей­ді ағынан жарылып. Күн жы­лығанда «Барсымен» Қазақ­станды бір айналып шығуды жоспарлап жүр.

Баянбай Исраилов алдағы мақсаттарын да жайып салды. «Бір автобус құрастыруды ойлап жүрмін. Онымен сапарлау өте ыңғайлы болады. Үйіміздегі ас үйді, жатын орынды, өзге де қажет жарақ­тарды ішіне сыйдырамын. Содан кейін өз көлігіммен Меккеге барып, қажылық парызымды өтесем деймін. Бұл – нағашыңның ауылына барып келгендей емес, жауапты сапар. Сондықтан үлкен дайындық керек», дейді «Барстың» иесі.

Кейіпкеріміздің ісін өнер­табыс деуге келмейді, хобби деген жөн шығар. Десе де, құптарлық шаруа. Жеке өзі үшін үлкен жетістік. Сол жетіс­тігі өзгемізге ой салып, өзгеше дүние жасауға жол ашып жатса, қанеки…

Асхат РАЙҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген

Ерлан Омаров,

«Егемен қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

24.09.2018

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

24.09.2018

Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

24.09.2018

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

24.09.2018

Универсиада алауы Алматы арқылы өтті

24.09.2018

Бүгін Бакуде үш дзюдошымыз белдесуде

24.09.2018

Бизнес салымдар үшін қай қаржы ұйымы тиімді?

24.09.2018

Юлия Путинцева WTA жаңартылған рейтингінде 46-орынға көтерілді

24.09.2018

БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясы өз жұмысын бастады

24.09.2018

Виктория көліндегі апатта қаза тапқандар саны 225 адамға жетті

24.09.2018

Солтүстік Қазақстанда Жансүгір батырға еңселі кесене тұрғызылды

24.09.2018

Музей қызметкерлеріне үстемеақы төленгені жөн

24.09.2018

Жергілікті ерекшеліктер ескерілсе игі

24.09.2018

Қайрат «қаһарына» мінді

24.09.2018

Илон Масктың SpaceX компаниясы алғашқы жолаушының есімін жариялады

24.09.2018

Өзен арнасын бекіту – кезек күттірмейтін мәселе

24.09.2018

Медициналық көмек сапасы артады

24.09.2018

Атты әскер дивизиясының тағдыры

24.09.2018

Ұлттық рухтың ұстыны

24.09.2018

ШҚМТУ – ғылыми зерттеулер мен заманауи технологиялар орталығы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу