​Адами капитал

Бүгінде әлемнің дамыған елдерінде адами капиталды мемле­кеттің, қоғамның және экономиканың негізгі тұғыры деп қабылдайды.
Егемен Қазақстан
28.03.2017 2641
2

Адамзаттың алдыңғы қатарлы ақыл-ойы да ХХІ ғасырдың білім мен интеллект ғасыры болатындығын әлдеқашан айқындап қойған. Яғни, біз өмір сүріп отырған ғасырда мемлекетіміздің экономикасын, әлеуметтік әлеуетін және саясатын, бір сөзбен айтқанда, қоғамымыздың болашақ дамуын интеллектуалды адами капитал айқындайтын болады.

Сарапшылардың айтуынша, бүгінгі өскелең экономиканың ерекшелігі кәсіп­орын­дардағы жоғары адами капиталға тәуелділігінде болып отыр. Мәселен, қазіргі таңда компанияның құнын бағалай­тын мамандар ең алдымен, кәсіпорын қызметкерлерінің адами капиталының әлеуетіне басымдық береді. Олардың зерттеулері бойынша, компанияның рыноктық құнының 75 пайызы оның қызметкерлерінің білімі мен интеллектісіне тәуелді екен.

«Адами капитал» терминін алғаш рет өткен ғасырдың 70-жылдарында Нобель сыйлығының лауреаты, атақты эко­номист Теодор Шульц қолданысқа ен­гіз­ген болатын. «Адам бойындағы бар­лық қабілет туа бітеді немесе өмірлік дағ­дымен қалыптасады. Әрбір адамның тұқым­дық ерекшеліктеріне байланысты туа біткен қабілеттері болады. Тиісті қар­жы бөлу арқылы дамытылатын адам бо­йын­дағы өмірде жүре қалыптасқан құн­ды қабілеттерді біз «адами капитал» деп атаймыз», дейді Т.Шульц. Бүгінде әлем­нің дамыған мемлекеттерінде адами капи­талға инвестиция салу болашақта мол табыс әкелетін дәстүрлі бизнес жоба ре­тін­де қабылданады. Нобель сыйлы­ғы­ның лау­реаты, экономист Гарри Бек­кер­дің есе­­бін­ше, білімге жұмсалған ин­вес­­тиция бо­ла­­шақ­та орта есеппен жылы­на 12-14 па­­йыз табыс береді екен. Тұрғындар­дың ада­ми капиталын дамыту елдің жал­пы эко­но­микалық өсіміне қол жет­кізуі­н­е әкеледі. Тағы сол Гарри Беккер­дің ай­туын­ша, адами капиталды бір пайыз­ға ға­на арт­­тыру, ІЖӨ-нің жан басына шақ­қан­да­ғы өсімін 3 пайызға дейін арттыратын көрінеді.

Елімізде соңғы жылдары экономиканы әртараптандырудың стратегиялық бағ­дарламалары іс жүзіне асырыла баста­ды. ҮИИД бағдарламасының аясында өңірлерде ғылыми жоғары технологияларға негізделген заманауи өндіріс орындары ашылуда. Ел экономикасында жедел­детіл­­ген технологиялық жаңғыртулар жүр­гізіл­мек. Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауының шеңберінде «Цифрлы Қазақстан» бағдар­ламасы жүзеге асырылмақ. Ал бұл кешенді мақ­саттар еліміздің адами капиталын да­­мытуға тек мемлекет тарапынан ғана емес, сонымен бірге жекеменшік бизнес та­­ра­­пынан да мол қаржы жұмсауды қажет етеді.

Өкінішке қарай, біздің елімізде білікті кадр, интеллектісі жоғары мамандар қалып­­тастыру былай тұрсын, адами капи­тал ұғымына үрке қарап, оған шығын шыға­ру үшін ойлап табылған қажетсіз мәселе ретінде қарау көзқарасы басым. Қазіргі Қазақстан экономикасының тағ­дыры тоғысқан акционерлік қоғамдар мен ЖШС басшылары қарамағындағы қыз­­меткелерінің біліктілігін жетілдіру, ғылыми интеллектуалдық қабілетін көтеру мәселелеріне жеке қалтасынан қаржы шығаратындай қиналып, немқұрайдылық танытады. Еліміздегі адами капиталды дамытуға деген мұндай көзқарас менедж­мент мәдениетінің төмендігін ғана көрсе­тіп қоймайды, сонымен бірге бизнес жүр­­гізу­­дегі стратегиялық қателіктерге ұрындырады.

Мемлекеттің адами капиталының әле­уеті, интеллектуалды болашағының бас­­­ты көрсеткіші – сапалы білім, сындарлы ғы­л­ым. Жоғары оқу орындар жүйесі – қазақ­стан­­дық білікті кадрларды қалып­тасты­ратын және еліміздің интел­лектуал­ды әлеуетін да­мы­татын орта. Бұл жүйе қан­ша­лықты тиім­ді жұмыс істейтін болса, ел эконо­микасы­ның дамуы да соншалықты нәтижелі бол­мақ. Қазіргі күні Қазақстанда 131 жоғары оқу орны бар. Онда 350 мыңға тарта адам білім алса, оның 330 мыңнан астамы бакалаврлар екен. Ал ел экономикасы үшін осыншама бакалаврлар қажет пе? Жоғарыда аталған ЖОО-лардың барлығы дерлік заңгер, экономист, қаржыгер сияқты мамандықтар бойынша мамандар даярлайды. Қазақстан экономикасында бұл мамандықтар бойынша бос орындар жоқ. Мәселен, жыл сайын ЖОО-лар 27 пайыз эко­номистер даярлайды екен. Еліміздің ең­бек рыногында әртүрлі экономикалық ма­ман­дықтар бойынша жұмыс істейтіндер са­ны 13 пайыздан аспайды. Сонда құр дип­лом алу үшін 4-5 жыл оқыған эконо­мис­тер, заң­герлер, қаржыгерлер жұмыс­сыз­дар қа­тарын толықтырады. Сонда мұн­дай ЖОО-лар кімге қажет? Онсыз да Қазақ­стан ЖОО-лар саны жағынан әрбір мил­лион тұр­­ғын­ға шаққанда, Ұлыбритания, Гер­ма­ния, Жапо­ния сияқты елдерді әлдеқашан басып озған.

Экономикалық әлеуеті жоғары дамыған елдерде мектеп бітірушілердің 80 пайызға жуығы кәсіби біліктілігі жоғары жұмысшы маман­дығын игеруге ден қояды екен. Біз­дің де бұл мәселеде бетбұрыс жасайтын кезі­міз келді. Қазірдің өзінде елімізде тех­ни­к­а­лық орта кәсіптік оқу орындарын бітір­ген маман жұмысшыларды қажет ете­тін 20 мың жұмыс орны бос тұрған көрі­не­ді. Сондықтан экономикамыздың қоз­ғау­шы күші болып табылатын жастар тех­ни­калық білікті жұмысшы кадрларын даяр­лай­тын оқу орындарына көптеп баруы керек.


Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»





СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

«Қасиетті Қазақстан: Туған жерге тағзым» атты тарихи-танымдық экскурсиялар сериясы басталды

21.11.2018

ҰБТ-ға өзгерістер енгізіліп жатыр

21.11.2018

Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды

21.11.2018

Елбасы білім беру жүйесін одан әрі жаңғырту мәселесі жөнінде кеңес өткізді

21.11.2018

Түркістанның ежелгі беделін қайта көтеру – бүкіл түркі әлемі үшін үлкен жетістік болады

21.11.2018

Мархабат Байғұт: Әлемдік әдемі әңгіме

21.11.2018

Түркі киносын әлемге танымал етудің жайы талқыланды

21.11.2018

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы өндіріс нысандарын аралады

21.11.2018

«Егемен Қазақстан» газетінің журналистері болашақ тілшілермен кездесті

21.11.2018

Голландиялық бизнесмен Ақтөбе облысының инвесторларға тартымды екенін айтты

21.11.2018

Нұрболат Ахметжанов: Көне тарих көмескі тартпасын

21.11.2018

Әбдіманап Бектұрғанов: Тарихқа тағзым

21.11.2018

Қ.Әбдірахманов: «Ұлы даланың жеті қыры» әлем мәдениетін жақындастырады

21.11.2018

Павлодарда археологтар б.з.д. 5-ші мыңжылдықта жерленген жылқылар сүйектерін тапқан

21.11.2018

«Ақтөбе» футбол клубы сенімді басқармаға берілді

21.11.2018

Ұлттар Лигасының қорытындысы шығарылды

21.11.2018

Такир Балықбаев: Жаңа еңбек жаңаша ой салды

21.11.2018

Ақтөбеде кәсіп бастағысы келетін жандарға кеңес берілді

21.11.2018

Мәулен Әшімбаев: Ұлт тарихын танудың жаңа кезеңі

21.11.2018

Chartbeat жобасы аясындағы байқау жеңімпаздары ашық деректер панелін құрады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу