​Астанада «Сахнагер» сыйлығы табысталады

Астанада «Сахнагер-2017» Ұлттық театр сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтеді.
Егемен Қазақстан
27.03.2017 1968
2

Осы оқиғаға байланысты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов, кино және театр актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова, Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының директоры Любовь Ни, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл, «Қазақ әуендері» АҚ президенті Асхат Маемиров  аталған сыйлықпен марапаттау рәсімі туралы әңгімелеп берді.

Бұл сыйлық алғаш рет тапсырылады. Салтанатты жиын «Қазақстан» орталық концерт залында Қазақстанның театр қауымдастығының өкілдерінің қатысуымен өтеді. 

Брифингте халық әртісі Асанәлі Әшімов «Сахнагер» сыйлығының мәні мен маңызына кеңірек тоқталып өтті. 

–Бүгінде қазақ театрларының даму ауқымын кеңейту, әлемдік театр құрылымдарымен байланыстарды нығайту, жер-жүзінің театр картасында өз орнымызды айқындап, үнімізді лайықты естіртуге атсалысу өнерге жанашыр әрқайсымызға міндет. Осыған байланысты Қазақстан Театрлары ассоциациясының бастамасымен «Сахнагер-2017» ұлттық театр сыйлығы тағайындалып отыр. Бұл сыйлық театр дәстүрін сақтау мен нығайтуға арналған. Марапаттау рәсімі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қолдауымен өтеді, – деді ол.

Одан кейін халық әртісі Қазақстан театрлары ассоциациясының мақсаты туралы айтып берді. 

– Қазақстан Театрлары ассоциациясы 2016 жылы құрылған. Ол менің азаматтық бастамам болатын. Қазіргі кезде қауымдастыққа республикалық театрлардың барлығы және көптеген облыстық театрлар мүше болып отыр. Ассоциация алғашқы шараларын өткізіп те үлгерді. Бүгінде жасы 100-ден асқан қадірлі сахнагеріміз, Қазақстанның халық әртісі Айша Абдуллинаның 100 жылдығын атап өттік. Аяулы Айша анамыздың өзі өнер жолын бастаған қара шаңырақ М.Әуезов театрының үлкен сахнасында отырып – жас ұрпаққа ұлағатты сөзін айтуының өзі қандай ғанибет! Ал, өнеріміздің бекзат тұлғасы, КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Хадиша Бөкееваның туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген еске алу кешінің де тағлымы зор. Мұндай ұлағатты шаралар Ассоциацияның  алдағы жұмыстарының жоспарлы шаралары болары анық. Біздің қауымдастық мемлекеттік театрлардың имиджін қалыптастыруға, театр қызметінің парасаттық әлеуеті мен мүмкіндіктерін әлемдік дәрежеге көтеру, театрлар арасындағы шығармашылық ізденіс мониторингін қалыптастыру, жаңа есімдерді анықтау, жастардың  аға толқын өкілдерінен тәжірибе алу, кәсіби бағдарларын айқындау мүмкіндіктерін бірізділеу, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларларына қолдау көрсету, марапаттарға ұсыну, театр қайраткерлерінің еске алу кештері мен мерейтойларын ұмыт қалдырмау, халықаралық фестивальдер, әлемдік мастер-класстар мен конференциялар ұйымдастыру секілді жалпы қазақ театр өнерінің халықаралық деңгейдегі мүддесіне қызмет ететін, бүгінгі қазақ театр өнеріндегі өзекті негізгі бағыттарды жүзеге асыратын бірегей бірлестік! Біз осы бағыттағы жұмысымызды әрі қарай жалғастырамыз, – деді ол.

Кездесуде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова Қазақстан Театрлары ассоциациясының президенті болып Қазақстан мен КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтар лауреаты, Ресей Федерациясының «М. Ломоносов» орденінің кавалері, «Отан», «Достық» ордендерінің кавалері Асанәлі Әшімов тағайындалғаны барлық өнер сүйер қауымға мақтаныш екенін, биыл қауымдастықтың «Сахнагер-2017» сыйлығын тағайындағаны болашағынан үміт күттіретін жастар үшін қызығы мен қиындығы көп өнер жолында өзін көрсетуге үлкен мүмкіндік болатынын атап өтті.

– «Сахнагер-2017» ұлттық театр сыйлығы театр өнері саласындағы шығармашылық жетістіктер үшін беріледі. Театр қауымдастығының пікірі бойынша, сыйлық қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті нығайтуға бағытталып, еңбекке, кәсіби жетістікке, Отанға қызмет етуге, жоғарғы патриоттық идеяларға оң көзқарас қалыптастыратын туындылардың дүниеге келуіне ықпал ету тиіс, – деді М.Өтекешова. 

Сондай-ақ ол, «Сахнагер» сыйлығы еліміздің мәдени кеңістігін біріктіріп қана қоймай, шығармашылық тәжірибемен тұрақты алмасу үшін жағдай жасайтынын, ұлттық сыйлық аясында жас дарынды әртістерді қолдауға ерекше назар аударылатынын айтты.

–«Сахнагер» сыйлығы «Жылдың үздік режиссері», «Жылдың үздік қоюшы-суретшісі», «Жылдың костюм бойынша үздік суретшісі», «Жылдың жарық бойынша үздік суретшісі», «Үздік әйел рөлі», «Үздік ер рөлі», «Жылдың үздік спектаклі», «Жылдың үздік балаларға арналған спектаклі», «Жылдың үздік драматургы», «Жылдың үздік гримері», «Жылдың үздік театр сыншысы», «Спектакльдің үздік музыкалық рәсімделуі», «Театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Жыл ашуы», «Үздік опера және балет партиясы» номинациясында үздіктерге тапсырылады. Биыл іріктеу турына Қазақстанның 52 театр ұжымы қатысты, – деді ол. 

Брифингте өнертанушылар Ерлан Біләл мен Асхат Маемиров «Сахнагер» сыйлығының алғаш рет берілетінін, оны тапсыру үшін Бішкектен Қазақстанның халық әртісі Айша Абдуллинаның арнайы келетінін айтты. 

–Қазіргі кезде драма театры кенже қалып барады. Сондықтан біз сыйлықтың ауқымын кеңейтіп, оған барлық театрларды қостық. Бұл сыйлық таетрлар мен әртістердің және соның айналасында жүрген барлық мамандардың мәртебесін көтеретініне сенім мол, – деді Асхат Маемиров.



Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2019

Салық төлеушілердің 20 миллион теңге өсімпұлы кешірілді

19.02.2019

Сенаторлар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады

19.02.2019

56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды

19.02.2019

«Сергек» жобасы жол-көлік оқиғаларының санын 15%-ға төмендетті

19.02.2019

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

19.02.2019

Халық сауалы жауапсыз қалмайды

19.02.2019

Қызылордада алаяқтар азаймай тұр

19.02.2019

Астана әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының өсу себептері түсіндірілді

19.02.2019

Жеке клиникалардың белсенділігі жоғары

19.02.2019

«Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады

19.02.2019

Оразалы Досбосынов атындағы аудитория ашылды

19.02.2019

Шетелмен әріптестік нығайып келеді

19.02.2019

«Смарт-Астана» қосымшасының жаңа сервистеріне қатысты мәселелер талқыланды

19.02.2019

Дәурен Сүйеукенов: дзюдодан Еуропа кубогінде ел чемпионатындағы есемді қайтардым

19.02.2019

Әлия Юсупова Гран-при кезеңі мен Будапешттегі халықаралық турнирді қорытындылады

19.02.2019

Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев батыр баламен кездесті

19.02.2019

Жер жаһанды шарлаған Мағжан

19.02.2019

Қарағандыда 24 000 жер үйге газ құбыры тартылады

19.02.2019

Абылайхан Жүсіпов Софиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

19.02.2019

Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу