​Біз қандай су ішіп жүрміз?

«Судың да сұрауы бар». Алақан­ның уысына сыятын аз сумен бо­йын тазалайтын пайғамбар үмбеті де, телегей-теңіз суды ластауға жол беретін де адамзат баласы.
Егемен Қазақстан
29.03.2017 882
2

Судың пәлсапасы – тереңде. Оны дінмен де өруге, саясатпен де сабақтастыруға, нарықпен де шендестіруге болады. Бір тамшы судың қадірін білу үшін де ұлы шөлді, кермек мұхитты жаратқан сияқты. Келешекте айсбергтерді байлап-матап сүйреп алып кету үшін мұзды материктер базар алаңына айналуы әбден мүмкін... Өйткені, су – ең бағалы байлық. Суы сатулы қоғамда өмір сүріп отырмыз. Ал осы сатып ішкен суымыз сан соқтырса ше?..

Таяуда «Астана су арнасы» МКК зертханасында сыйымдылығы 19 литрлік ыдыстарға құйылып сатылатын судың 8 түрінен химиялық сараптама алынды. Елордада қала тұрғындары крандағы суды жууға болмаса, ішуге көп қолданбайды. Барлық үйде, кеңседе кулер бөшкесіне құйылған су шүпілдеп тұрады. Суы таусылған ыдысыңызды толы бөшкемен алмастырып береді. Зерттеу барысында өндірушілердің бірқатары аталған бөшкедегі суды Астананың қалалық су құбырынан сүзіп алатыны анықталды. Яғни, күнделікті краннан ағып тұрған суға бірнеше мембранды сүзгілер қойылады. Бұл әдетте 3-4 сатылы болып келеді. Механикалық тазалау құмнан, ұсақ тастардан арылтса, ионды алмастыратын тазалау суды жұмсақтандырып, тұздан арылтады. Ал соңғы тазалау барысында су көмір сүзгісінен өтеді. Бұл судың органикалық қасиеттерін жақсартады. Судың дәмі, иісі, түсі һәм мөлдірлігі арта түседі. Ал түптеп келгенде біздің ағзамызға қандай су барады? 100 па­йыз тазаланған, бірақ өлі су! Бұдан бұрын Батыс ғалымдары пластмасса ыдыстарға құйылған суды химиялық талдау нәтижесінде мұндай судың құрамында фармацевтикалық препараттар мен басқа да химикаттар сияқты дәрілік заттардың жоғары болатынын анықтаған. Сонымен бірге, бұл судың ең қауіпті тұсы пластика өндірісінде қол­данылатын бисфенол-А екендігі де анықталды. Бисфенол-А адам ағза­сының көбею жүйесіне, қалқанша безіне, орталық жүйке жүйесіне кері әсер етіп, сондай-ақ, семіздікке, гипертония мен диабетке душар етеді.  

«Астана су арнасы» МКК зертхана жетекшісі Уәсилә Әуезованың айтуынша, сараптама жұмыстары нәтижесін­де бөтелкедегі суда карбонатты емес тұз құрамы мемлекетаралық талаптар (ГОСТ) нормасынан төмендігі, фтор жетіспеушілігі анықталған. Мұны үнемі қолданатын адамдар ағзаға қажетті заттардың тапшылығына ұшырайды. Мәселен, фтордың жетіспеу­ші­лігі тіс жегі­сін зақымдаса, кальций жетіс­пеу­шілігі – остеопороз бен сүйек жасу­ша­лары­ның тығыздығын төмендетеді, яғни, сүйек сынуға бейім тұрады, ал балаларда қаң­қ­аның қалыптасуын бұзады. Магний жү­рек пен жүйке жүйесінің ауруларын тудырады.

Ақпан айында Астана қаласының насос стансасының ІІ көтермесінен алынған су мен сауда нүктелерінен алынған 19 литрлік ыдыстағы судың химиялық сараптамасы бойынша, бөтелкедегі суларда кальций, магний, калий және басқа да адам өмірі үшін маңызды заттардың қажетті мөлшерден әлдеқайда төмендігі байқалды, дейді аталған мекеменің баспасөз қызметінің жетекшісі Назгүл Тәліпова.

Бұл бизнес иелерінің әлеумет денсау­лығына жауапсыз қарауының тағы бір көрінісі – көптеген өндірушілер өнімнің жапсырмасына ауыз судың қайдан алынғанын, химиялық құра­мын, минералдық ерекшелігін, құю және сақтау мерзімін, стандарттарын көр­сетпейді. Мұндай жапсырмасы болған күннің өзінде ыдыстағы су жап­сыр­мадағы мәліметке сәйкес келе бермейді.

«Сауда сақал сипағанша» дегендей, көп жағдайда ауыз су өнімі алғаш нарыққа шығар кезде жан-жақты тексеруден өтуі әрі тұтынушы көңілінен орын табу мақсатында жоғары сапалы өнімдер шығарғанымен, уақыт өте келе өнім сапасы өзгеріп сала беретіні жасырын емес.  Елордада ауыз су өндірумен 27 кәсіпорын шұғылданады. Соның ішінде бөтелкедегі су өндірісімен 11, ал үйдегі суды автоматты сүзгіден өткізетін қондырғы шығарумен 16 кәсіпкер айналысады. Баға саясаты тұрғысынан саралағанда, құбырдан келетін суыңыздың бір текше метрі 49 теңге 90 тиынды құраса, 19 литрлік ыдыстың орташа бағамы 500 теңге деп алғанда бір текше метрі 26031 теңгеге шығады екен. Ас үйге орнатылатын сүзгі аппараты тіпті қымбатқа түседі. 1 мың литрге есептелген аппарат 10 мың теңге тұрса, 19 литр суды 950 теңгеден алып ішкен боласыз. Осындайда, тұнық тұмадан бастау бұлақтан көсіп-көсіп, алаңсыз шөл қандырған қайран, алаңсыз күндер дейсіз...

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан»




СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.01.2019

ШҚО емханалары 100 тонна қағаз үнемдеді

20.01.2019

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 27 жыл толды

20.01.2019

ШҚО Күршім ауданында 6 жастағы бала суға кетіп қалды

20.01.2019

Қазақстанда бала асырап алуға көмектесетін арнайы агенттік құрылады

20.01.2019

Ресейлік «Арктика-М» спутнигі 2019 жылы маусым айында іске қосылады

20.01.2019

Чили жағалауында магнитудасы 6,8 жер сілкінісі болды

20.01.2019

Астанада Жастар жылының ашылуы өтеді

20.01.2019

Экономиканы роботтандыру: қатер ме, мүмкіндік пе?

19.01.2019

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

19.01.2019

Мақтаарал ауданында диқаншылық басталды

19.01.2019

Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан аумақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр

19.01.2019

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 33 шетелдік еліне қайтарылды

19.01.2019

​СІМ басшысы Тәжікстан елшісін қабылдады

19.01.2019

​Қазақстанның Елшісі НАТО Бас хатшысына Сенім грамоталарын тапсырды

19.01.2019

Рейтер: Трамп пен Ким Чен Ын ақпанда кездеседі

19.01.2019

Алматыға Катардан алғашқы жүк рейсі келді

19.01.2019

Ақмолалықтар мүгедектер үшін автобустардың қолайлылығын бақылауда

19.01.2019

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

19.01.2019

Филиппиннің ең бай адамы қайтыс болды

19.01.2019

Қазақстанда «ақылды қала» пайда болды (видео)

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу