​Бүркіт балапаны және оның сыны

Бүркітті құсбегілер әртүрлі жолмен қолға түсіреді. Соның негізгі тәсілі бүркітті балапан кезінде ұядан алу.
Егемен Қазақстан
30.04.2017 11240
2

Балапан ұясы. Бүркітті құсбегілер әртүрлі жолмен қолға түсіреді. Соның негізгі тәсілі бүркітті балапан кезінде ұядан алу. Бүркіт ұясын адам баласы оңай бара алмайтын, аса биік шың-құздың басына, жалама жартастарға салады. Кәнігі құсбегілер бүркіттің балапанын ұядан алу үшін ұзақ уақыт аса мұқият бақылап тексереді. Ұябасардың қай жақтан ұшып шығып, қайда барып, қалай қайтқаны бәрі-бәрі аса мұқият бақыланады. 

Ақылды құс балапанына жем тасығанда өте қырағылық танытып, сақтықпен барынша құпия ұшады. Мысалы, ұядан ел көзіне түспей өте ерте ұшады немесе ұясын құпия ұстау үшін жемді ұяның жақын маңынан емес барынша ұзақтан тасиды.

Сол сияқты ақылды бүркіт ұясына жем әкелгенде дағдылы бір бағытпен келмейді жемнің өзін үнемі бір жақтан әкелмейді ұяға жақындаған кезде бой тасалап, сайды өрлей, жер бауырлай ұшып ұяның астынан жасырын тік көтеріледі. Нағыз қыранның ұясын табу оңай-оспақ жұмыс емес. Кейбір бүркіт ұя маңынан адамды көріп қалса, балапанын басқа жаққа көшіріп әкетеді.

Ұядағы жұмыртқа жалғыз болса оны жалқы балапан деп атайды. Бұл қыран болудың бір белгісі деп есептеледі. Қыран бүркіттер жалқы балапаннан көбірек шығады. Ел аузында «жалғыз туса жан алар» деген сөз бар.

Егер ұяда бірі үлкендеу, бірі кішілеу екі жұмыртқа болса, құсбегілер үлкендеуін ұябасар деп кішілеуінен бұқатана балапан шығады деп есептейді де, ұябасар жақсы өсіп жетілсін деп бүркіт жоқта ұядағы жемге ортақтасатын бұқатана жұмыртқаны алып тастайды.

Бүркіт балапанында – сары аяқ, сары тұмсық болады. Өсе келе әртүрлі түске өзгереді. Бірақ, қырағы құсбегілер құсты осындай балапан кезінде-ақ назар салып, болашақта қандай құс болатынын парықтай алады.

Балапан ана тәрбиесінде өсіп қара қанаттанады. Әбден ұшарға таяғанда ұстамаса, ақ үлпек кезінде ұядан алған балапан кенжелеп орыннан тура алмайтын тілерсек дертіне шалдығуы мүмкін.

Ұядан алған балапанды үйге әкелген соң үйшік жасап, бөлек баққан абзал. Үйшіктің есігін жауып, жемді төбесіндегі жарық түсетін тесіктен берген дұрыс. Балапан жемге тойғаннан кейін үйшікті тазалап, суды жаңалап қояды. Өйтпесе, ескірген жем жеп, борсыған су ішкен балапанға індет жұғады.

Балапан есейген соң артқы екі тегеуіріне баулық бау тағып, айналсоқ жасап, саздауыт жазық жерге тұғыр орнатып, ұзын жіппен арқандайды. Жемді әбден қараңғы түскенде жақындатып қойса, таң атқанша жеп бітіреді. Бұлай тәрбиеленген балапан орынсыз піштактап шақырмайды әрі жемге таласып адаммен қарсыласпайды. Дала құсы тектес ержетеді.

Балапан сыны.Тауды мекендейтін бүркіттер ішінде тұмса бүркіт балапаны деген болады. Бұл балапан құсбегілердің назарын өзіне қатты аударады. Бұдан басқа: ақбұршақ балапан, шұбар балақ балапан, ақбілек балапан, шынжыр балақ балапан дегендер болады.

Тұмса бүркіт балапанның кеуде жүндерінің ұшы қарайып көрінеді де, ортасынан көлденең белдеуше ақ сызықтар байқалады және жүннің қарасынан ағы көптеу болады. Бұл сызықтар жемсаудан бауыр шудасына дейін, ұршықтан балақ шудаға дейін созылып ақ бедер жасайды. Кеуде, бауыр, балақ жүндерінің ұшы ақ және саңғыруға жақын бауыр шудасы аппақ, бірақ ұшы қызғылтым сарғыш түсті болады.

Ақбұршақ балапанның шалғысы түзу бітеді, құйрығының қарасы аз, қалың әрі жалпақ тарақты болады.

Шұбар балақ балапанның екі топшының арасындағы өндіршек-жемсау аумағы тұтастай қызыл шұбар, кеудесі жалпылама ақ бедерлі болады.

Ақбілек балапанның білезігі ақ болады.

Шынжыр балақ балапанның денесі жалпылай ақ бедерлі болады. Қазақ құсбегілері көп айтатын «шынжыр балақ шұбар төс, ақ білекті мұзбалақ қыран» дегеніміз осы.

Балапан ұяда үнемі бауырын төсеп жата берсе, ол тобанаяқ, майбауыр сан еттері бос-болбыр болады. Сондықтан, балапан бауырын тез көтеру үшін ұябасар ұясына арша бұтақтары сияқты қатты заттарды әкеліп төсеп тастайды.

Балапан баптау. Балапанында ұядан алып тәрбиелеген бүркітті құсбегілер қолбала деп атайды. Балапан құсты қолға баптау түз құсын баптаумен бірдей. Бірақ балапан құс көбірек аймалауды қажет етеді. Құсты баққанда балапан кезінен күйлі етіп баққан абзал.

Балапан құсты үнемі ұшуға жаттықтырып, мүмкіндік болса, биіктеу жерге шығарып, еңкейте ұшырып әдеттендірсе ұшуға тез көндігіп топқанат болмайды. Қолға баулығанда басына томаға кигізіп мал-жанға көп талпындырмаған жөн.

Жем шоқыту, томағаға әдеттендіру, ұшыру, қолға шақыру, ат үстінен шақыру сияқты жұмыстардың бәрін құсбегі өз ретімен жүргізіп, қолбаланы баулиды. Қолбаланың қанат-құйрық қауырсындары кемеліне келіп, жетілгенде барып шырға тартылады.

Қолбалаға шырға тартқанда ең әуелі түлкі терісінен жасалған шырғаға түсіріп, біртіндеп тірі түлкіге бау аштырады. Бау аштыру дегеніміз қолбалаға алғаш рет түлкі алдыру. Қолбаланың алғаш алған түлкісін тырнақ алды дейді.  

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларды қолдаудың 10 қадамы жасалды

22.02.2019

Қостанайда әкім есебі жаңа ғимаратта өтті

22.02.2019

Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті

22.02.2019

Қарағанды облысында 479 жоба іске асады

22.02.2019

Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

22.02.2019

Sanofi - күдіктен ада компания

22.02.2019

Сенатор С.Айтпаева Германиядан келген делегациямен кездесті

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттары беріледі

22.02.2019

Ақтөбе облысында су тасқынына дайындық шаралары қабылданып жатыр

22.02.2019

Құралай Ахмет: Шет елде оқуға ынтасы бар кез келген адам «болашақтық» бола алады

22.02.2019

Жастар кәсіпкерлігіне арналған «Jas Business» семинары өтті

22.02.2019

Халықтың әл-ауқатын жақсарту – басты мақсат

22.02.2019

Жоғарғы сот жемқор судьяларды анықтауды күшейтеді

22.02.2019

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы әлем чемпионатында бақ сынайды

22.02.2019

Ерлан Қошанов көпбалалы отбасылар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілетінін айтты

22.02.2019

Мамандар: Денсаулық туралы жаңа Кодексті қабылдау бизнес үшін кедергілер туғызуы мүмкін

22.02.2019

Семейде «Нәджип Әмір» атындағы аудитория ашылды

22.02.2019

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

22.02.2019

Милад Карими мен Аким Мусаев Мельбурндегі Әлем кубогінің финалына өтті

22.02.2019

Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне қатысады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу