​Чемпиондық белбеуді халқым үшін жеңгім келеді – Қуат Хамитов

Бүгін Ресейдің Владивосток қаласындағы «Фетисов Аренада» халықаралық Fight Nights Global 63 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде ұйымның чемпиондық атағын жеңіл салмақта Магомедсайгид Алибеков қорғайды. Ал оның қарсыласы – қазақстандық Қуат Хамитов. «Найман» деген лақап атпен танылған отандасымыз жекпе-жек жайлы vl.ru басылымына сұхбат берді.
Егемен Қазақстан
21.04.2017 8758
2

«Үш ай бойы Тайландта жиында болдым. Phuket Top Team командасымен бірге жаттықтым. Негізі қыс сайын Пхукетте боламын. Бірақ бұл жолы бұрынғысынан да жақсырақ дайындалдым. Тәжірибелі спортшылар, Еуропаның, Азияның түрлі ұйымдарының чемпиондары көмектесті. Қазір бәріне дайынмын», – деді Қуат Хамитов. 

Fight Nights-ке берген сұхбатында «Найман» Сайгид Алибековті жеңген спортшылармен дайындалып жатқанын айтқан болатын.

«MMA-ден әуесқой жарыстарда Алибековті жеңген спортшылар көмектесті. Сонымен қатар, желтоқсан айында оның чемпиондық жекпе-жегін залда отырып көрген бапкерлер болды. Олар да ақыл-кеңестерін айтты. Әрине, осал тұстарын ғана емес, Алибековтің мықты палуан екенін, партерде жақсы жұмыс істейтінін, физикалық тұрғыдан күшті екенін де жасырып қалмады. Қандай жағдай болмасын ертең жекпе-жек кезінде кімнің күшті екені белгілі болады.

Жалпы алғанда Fight Nights турнирінде осал спортшы жоқ. Магомедсайгид – промоушеннің чемпионы. Демек, оны елемей өтуге болмайды. Өз басым ұйымда әрбір титулды айқастың тартысты өтеріне сенімдімін», – деді Хамитов.

«Ахмед Аливетің жарақатына байланысты Қуат Fight Nights турнирінің титулды жекпе-жегіне оңай жетті, оның жолы болғыш», деп Магомедсайгид Алибеков пен бапкері айтқан болатын. Осыған қатысты қазақстандық спортшы пікір білдірді.

«Жолым болып кетті деп айтпас едім. Fight Nights-пен келісімшарт жасасқанда бір-екі айқастан кейін титулды кездесуге мүмкіндік беретінін білдім. Мен солай қаладым... Гаджи Рабадановты жеңгеннен кейін менен келесі қарсыласым туралы сұрады. Қытайдың WBK ұйымының чемпионы болғаннан кейін октагонда Fight Nights Global-дың чемпионымен күш сынассам деген ой келді. Кімнің күші басым екенін енді білеміз.

Бұл титулды Қазақстанда күтіп отыр. Осыны жеңсем, өз елімде Fight Nights белбеуін жеңген алғашқы адам боламын. Жұрт менен жеңіс күтіп отыр. Өзім үшін емес бұл белбеуді халқым үшін жеңіп алғым келеді», – деді қазақстандық спортшы.

Fight Nights президенті Камил Гаджиевтің айтуынша Алматыда дәл осы турнир өтеді.

«Алғашында жекпе-жегім Алматыда өтеді деп ойлаған едім. Бірақ Владивостокта жеңіске жетер болсам, өз елімде оны қорғай аламын», – деді «Найман».

Қуат Хамитов қай кезде спорттан кетуі мүмкін? Айтуынша, аралас жекпе-жек болғаннан кейін спортшы қай кездесуі соңғы боларын білмейді.

«Білесіз бе, алғашқы чемпиондық белбеуімді жеңіп алғаннан кейін осымен тоқтаймын деп ойлаған едім. Бірақ бір-екі аптадан кейін жеңіске деген құштарлығым қайта оянды. Екінші белбеуімді алғаннан кейін де дәл осындай күйге тап болдым. Бұл күй үшінші белбеуімді жеңгеннен кейін де болды. Кейде отырып, жетістіктеріме риза боламын да алдыма жаңа мақсат қоямын. Қай жекпе-жегім соңғысы боларын білмеймін. Біз ең қауіпті спортта жүрміз. Сондықтан мүмкіндіктің бәрін пайдаланып қалуымыз керек. Бұл жолы да мүлт кетпеймін деп үміттенемін», – деді Қуат Хамитов.

Қазақстандық спортшы UFC ұйымымен елісімшартқа не себепті қол қоймағанын мәлімдеді.

«Ол кезде менеджерім UFC-дің ауыр салмақтағы уақытша чемпионы Шейн Карвин болатын. Мен Қытайдың рейтингінде көш бастап тұрған едім. Ұсыныс сол арқылы түсті. Шарт бойынша Аспанасты елінде тағы бір айқаста жеңгеннен кейін ғана UFC-мен келісімшартқа қол қоюым керек еді. Бірақ кезекті жекпе-жегіме дайындалып жатқанда компания сатылып кетті. Жаңа басшылар келгеннен кейін бұл жоспар жүзеге аса қоймады. Бірақ қазір Fight Nights-та жүргеніме қуанамын. Мұнда мен өзімді үлкен отбасының бір мүшесі секілді сезінемін», – деді

Магомедсайгид Алибеков – әскери қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері атағына кандидат, ММА бойынша спорт шебері, әскери қоян-қолтық ұрыс бойынша РФ Қарулы күштерінің екі дүркін чемпионы, әскери қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпионы, ММА-дан Алысшығыс федералды округі чемпионатының жеңімпазы, грепплингтен Ресейдің күміс жүлдегері. Магомедсайгид Қуаттан екі жас кіші, ол – 27 жаста. Алибеков бүгінге дейін 7 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал Хамитов 25 жекпе-жектің 20 кездесуінде жеңіске жетсе, төртеуінде есе жіберіп, біреуінде тең түсті. 

Айта кетейік, қос спортшының арасындағы айқасты «Боец» телеарнасы 15:00-де (Астана уақыты бойынша) көрсетеді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.10.2018

Астанада вирусты менингитке күдікті сегіз оқушы ауруханаға жатқызылды

18.10.2018

Еуроодақ саммиті: «Брексит» мәселесі қиындай түсті

18.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Рольф Драакпен және Мехран Эфтехармен кездесті

18.10.2018

Қарағандыда әнші-композитор Қорабай Есеновтің мерейтойлық кеші өтті

18.10.2018

Мемлекет басшысы Еуропаның іскер топтар өкілдерімен кездесті

18.10.2018

Маңғыстауда алғашқы электр қуаттандыру станциясы ашылды

18.10.2018

«Ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасы басталды

18.10.2018

Көлік кептелісінде көмекші - Road Zipper

18.10.2018

«Хабар 24»: «Egemen Qazaqstan»-ға шолу

18.10.2018

Венгрияға баратын балуандар белгілі

18.10.2018

Қыздар университеті туған жерге тағзым етіп қайтты

18.10.2018

Керчьтегі оқиғада қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтар жоқ

18.10.2018

Илья Теренченко «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалды

18.10.2018

Д. Кәлетаев Қостанайдағы үкіметтік емес ұйымдар республикаға үлгі екенін айтты

18.10.2018

Таиланд қазақстандықтарға визаны тегін бермек

18.10.2018

Қызылордада Жолдаудағы тапсырмалардың мәні түсіндірілді

18.10.2018

79 жасында алғаш рет подиумға шыққан Ван Дешунь

18.10.2018

Жалпы азаматтық құқықтар ар-ұждан бостандығымен шиеленіспейді

18.10.2018

Қызылордада апатты үйлер мәселесі шешілді

18.10.2018

Марат Сұлтанғазиев Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу