​Оқулықтың оңалмауына не себеп?

Білімге ұмтылған ұрпақты, оларға қамқор болар жандарды кейбір ретсіз реформалар мен өзгелерден әкеліп, мақтауын асырып сіңірмек болған «жаңалықтар», несін жасырайық, жүйкені жұқартуда десек, қателеспеспіз.
Егемен Қазақстан
26.03.2017 3045
2

Осының себебі неде дегенде, сол реформалардың жылы кабинеттерде жасалып, кейін оны халыққа ысыра салуда жатқан жоқ па екен деген ой мазалайды. Әсіресе, мектепке қатысты өзгерістер мұғалімдер қауымын әрі-сәрі күй кештіруде. Бір реформаның тапсырмасын орындай бастағанда екіншісі килігеді. Осындай қиғаштықтар тыйылмай келеді. Бұл орайда халық қалаулылары да пікірлерін ашық айтып келе жатқанына жұртшылық куә. 

Мәселен, сенатор Дариға Назарбаева Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде: «Қазақстандық білім жүйесін реформаторлық әуестенушілік жайлап алды. Біз көптеген жетілдірілмеген реформалардың куәсі әрі қатысушысы болып келеміз. Халықаралық стандарттарға сілтеу сәнге айналып кетті», деген еді. 

Шынында, реформаторлар өзге елдердің жетістігі ретінде насихаттап, оны өз еліміздегі тыныс-тіршілікке жете мән берместен енгізуді әдетке айналдырғалы қашан. Біз бұл жолғы әңгімені 3-сыныптың математика оқулығына көмекші құрал ретінде ұсынылған Л.Г.Петерсонның «Математика» деген құралына қатысты өрбітсек деп отырмыз. 

Оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамытады деген бұл кітаптың басты кемшілігі есептен бұрын, есепті шығаруға жол көрсететін мәтіндердегі оралымсыздықтарда болып тұр. 3-сыныпқа арналған үш бөлімнен тұратын қосымша еңбектің қай баспадан қанша данаменшыққаны, аудармашысы мен редакторының кім болғаны туралы ешқандай мәлімет көрсетілмеген. Сөзіміз жалаң болмас үшін нақты дәйектерге жүгінелік. 

Мәселен, бірінші бөлімнің 1 сабағы «Жиын және оның элементтері» деп аталады. «Математикада әлде-кім немесе әлде-нәрсе топталып жинақталса, оны жалпы сөзбен – жиын деп атайды. «Бір отар кесе» деп айтуға болмайды. Оны басқаша «кеселер жиыны» дейміз. «Сиырлар бригадасы» деуіміз қате, ал «сиырлар жиыны» дегеніміз дұрыс. Мысалдар келтірсек: гүлдер жиыны, құстар жиыны, оқушылар жиыны т.с.с.» дейді де: «а) Қойлар жиынын қалай атайды? ә) Жылқылар жиынын қалай атайды? б) Топтасып ұшып бара жатқан аралар жиынын қалай атайды?...».

Осылай жалғасып кете береді. Бұл орысшасында түсінікті болғанымен, қазақ тіліне аударғанда түсіну қиын. Жиын сөзінің мағынасы бұл жерде оғаш естіледі екен. Қандай жақсы дүние болғанмен, аудармасы оңбаса, түпкі мағынасы бұзылатын, жағдайлар аз емес қой. Тағы да дәйекке жүгінелік. Екінші бөлімнен де мысал оқып көрелік: «Аз ғана уақыт аралығын өлшеу үшін адамдар сағатты ойлап шығарған. Алдымен күн сағаттары пайда болып, олар тек күндіз ғана жұмыс істеген. Мұндай сағаттар көлеңке бойынша уақыт көрсеткен. Египеттік күн сағаттары бұрышталып жажырылған екі пластинадан құралған» дейді. 

Сол секілді апта күндеріне арналған сабақта «Бүгін сенбі, ертең жексенбі, арғынкүні дүйсенбі болады», немесе «Ит Шарик фотоаңшылыққа қызығып, әрқайсысында 36 кадры бар 8 пленка сатып алды», дейді де соңында сол кадрлардың қаншасын жаратқанын есептеп шығаруды ұсынады. Сол секілді «1941 жылдың 22 маусымында неміс-фашистік қолдары Совет Одағына сатқынды қол жұмсады. 1945 жылдың 9 мамырында Совет Одағы фашистік Германияны жеңіп шықты», деп соғыстың қанша жылға созылғанын есептеп шығуды алға тартады. «Мәскеуден Сергиев Посадқа таңертеңгі 8 сағ. 30 мин. экскурсиялық автобус бағытталды.

Мәскеуден Сергиев Посадқа дейінгі ара қашықтықты автобус 2 сағ. 15 минут жүріп өтеді. Ол жолда 10 минуттан 2 аялдама жасайды. Егер Сергиев Посад бойынша экскурсиясы 5 сағатқа созылса, автобус Мәскеуге қай уақытта қайта оралды?» деген мәтін де түсініксіз. Бір жерде сағ., бір жерде сағатқа деп толық жазады. Осы арада бұл еңбекте Қазақстанның ауыл-селоларын, қазақ балаларының аттарын да қосып отырады. Кей тұста өзге елдердің атаулары да қолданылған. Оқушының ой-өрісін дамытуға арналған бұл кітап туралы мұғалімдермен сөйлескенімізде, олар аудармасының өте ауыр екенін, көп жағдайда түсіне алмайтындарын, тек есептерді шығаратындарын айтты.

Лицейлердің бастауыш сыныптарына арналған бұл құралдағы мәтіндер оқушыны былай қойып, ата-аналар үшін де ауыр тиіп отырғаны ақиқат. Балалар түк түсінбей қиналатын көрінеді. Кейбір азаматтар мұндай логикалық тұрғыдан ойлауды дамытатын кітаптар қазақ тілінде жоқ дегенді алға тартқан еді. Біз бұл туралы Білім және ғылым министрлігіне қарасты оқулық орталығына хабарласқанымызда, біз айтқан еңбектің оқытылып жатқанынан хабарсыз екенін айтып, математика оқулығына қосымша оқу құралдардың өзімізде де барын жеткізді.

Алаш арысы Смағұл Сәдуақасов «Кемшілікті айту ұят емес, бар кемшілікті жоқ деп одан құтылуға тырысу ұят», деген екен. Қазіргі оқулық жайындағы дау-дамай, біріншіден, «Халықтың түзелуінің үміті – жастарда. Сондықтан, жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуін, бәрінен бұрын ескеріп, бәрінен жоғары қойылатын... оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі де түзелмейді» (Ахмет Байтұрсынұлы), деген ойдан туындап жатса, екіншіден, сол ұрпақтың мойнындағы қарызы мен парызын адал атқару жолындағы талпыныс деп білгеніміз жөн. Оқулық жазудың қиындығын басынан көп өткерген академик А.Колмогоров бір оқулық жазу бір реактивті ұшақ құрастырумен бірдей деген екен.

Біз оқулықты осы қағида желісінде атқарудың орнына «несі қиын, жаза салмаймыз ба» деген жүйесіз жолға түсіп алған сияқтымыз. Оның үстіне оқулық жазуды кім ұйымдастырады деген сұрақты тиісті мекемелерге қойғанымызда олар: «Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды өз қаржысына дайындауды қалауынша автор, авторлық ұжым немесе баспа ұйымдастырады. Арнайы білім беруге арналған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар  мемлекеттік тапсырыс бойынша немесе әзірлеушінің есебінен дайындалып жарыққа шығады», дейді. 

Осының өзінен-ақ оқулық «тағдыры» қалай шешілетінін аңғару қиын болмаса керек. Баспа табыс көзін ойлайды. Ақша тапқан адам өзінің билігін жүргізеді. Ал тәуелсіз елдің ертеңі саналатын ұл мен қыздың қолына мұндай жағдайда сапалы оқулықтың тиюі екіталай екені айтпаса да түсінікті. Азат еліміздің төл оқулығы ұрпақ қолына тигелі де жиырма жылдан асып барады. Ендеше, осы уақыт ішінде төл оқулығымызды төрге оздыра алмай, көкпарға салғанымыз көңілге кірбің түсіреді. Мұндай жағдайда білім сапасы толық талапқа сай деу де қиын. Оған бұл арада дәйектеркелтірмесек те, кей тұстағы нәтижелердің ала-құлалығы мысал бола алады. 

Жалпы, оқулық мәселесін дұрыс жолға қою ісін биік дәрежеде қолға алу керек. Төл оқулықтарымыздың алғашқы қадамы әдемі басталып еді. Кейін оны қожыратып алғанымыз рас. Баламалы оқулықтар жазу алдан шыққанда, тіпті екінің бірі оқулық авторы болуға талпынды. Талпынып қана қоймай, мектептерге теліді. Оның қате екені өткен жылы дәйектеліп, базалық оқулыққа көшуді бастадық. Бірақ бұл да бір жылда жүзеге асырылмайды. Айталық, 2016 жылдан бастап бірінші сыныптар базалық оқулыққа көшсе, 2017 жылы екінші сынып оқушылары базалық оқулықты қолға алады.

Ал ол жылжып жоғарылағанша, баламалы оқулықтар мен базалық оқулықтар қатар жүріп, оқушылар мен мұғалімдердің басын қатырары хақ. Сондықтан да қазір көп жағдайда жұртшылықтың, әсіресе, ата-аналардың, оның ішінде қияндағы ауыл жұртының наразылығын тудырып жатқан оқулықтар мәселесін дұрыс жолға қойып, жүйелі атқаруды алқалы кеңесте талқылау қажет болып тұр. Оқулықты бір автор ғана емес, ғылым жағын қамтитын ғалым, әдістемені терең меңгерген әдіскер, бала жанын ұғатын, күн сайын оқулықпен жұмыс істейтін білікті ұстаз бірігіп жазу шешілсе, ұтылмас едік. 

Қазақ жырының жампозы, ұлттық педагогика туралы тұңғыш еңбектің авторы Мағжан Жұмабаев «Оқу құралдарының құралатын негізі – мектеп. Оқу құралдарының мінезі – мектеп мінезінің айнасы» деген екен. Біз осы айнаның мөлдірлігін сақтай алмай сызат түсіріп, ұрпақтың білім-білігіне қиянат жасап жүрген жоқпыз ба?..


Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2018

GGG үздіктер тізімінде төмендеді

20.09.2018

Қазақстан құрамасын Кака баптайды

20.09.2018

Сапа менеджментін енгізу бәсекеге қабілеттілікті нығайтады

20.09.2018

Елімізде 1 қазаннан бастап депозит шарттары өзгереді

20.09.2018

Машина жасаушылар форумына әлемнің 20 елінен 1000-нан астам делегат қатысады

20.09.2018

Жеңімпаз қыздың қайырымдылығы көпке үлгі

20.09.2018

Б. Сағынтаев Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі Үкіметтік кеңестің отырысын өткізді

20.09.2018

Экс-чемпион бокс мектебінің директоры болып тағайындалды

20.09.2018

 Жаңа заң – жаңа үміт

20.09.2018

Мөлдірдің мөлдір әлемі

20.09.2018

Көкшетау тұрғыны тираждық лотерея ойынының миллионері атанды

20.09.2018

Жаңа еңбекақы жүйесі - оңтайландыру нәтижелеріне тікелей байланысты - Алик Шпекбаев

20.09.2018

Кесенелер тұрғызу жарысқа айналып бара ма?..

20.09.2018

Бүгін елімізде машина жасаушыларының VI форумы басталды

20.09.2018

Атырауда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

20.09.2018

Бакуде дзюдодан әлем чемпионаты басталды

20.09.2018

Қоқыс өңдейтін цех ашар едім - Сергей Привалов

20.09.2018

Доллар бағамы 358 теңгеге түсті

20.09.2018

Ұрпақ сабақтастығының үлгісі

20.09.2018

АҚШ-тағы «Флоренс» дауылынан зардап шегушілер саны артты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу