​Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

«Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Егемен Қазақстан
28.03.2017 3641
2

2016 жылғы 23 желтоқсан              №837              Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., №77-78- 79, 588-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы» деген бөлімде:

реттік нөмірі 51-жол алып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы


2016 жылғы 23 желтоқсан №838 Астана, Үкімет Үйі


«Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы

21 қаңтардағы №148 қаулысына өзгерістер енгізу туралы


«Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 7-бабының 5-тармағына және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №29, 388-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы­ның Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі, «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы заңдарына сәйкес әзірленді және көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібін айқындайды.»;

17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспаса, Аустралия Одағы, Америка Құрама Штаттары, Аустрия Республикасы, Бельгия Корольдігі, Болгария Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия Федеративтік Республикасы, Грек Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль Мемлекеті, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Италия Республикасы, Канада, Кипр Республикасы, Корея Республикасы, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Люксембург Ұлы Герцогтігі, Мажарстан, Малайзия, Мальта Республикасы, Мексика Құрама Штаттары, Монако Князьдігі, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Румыния, Сингапур Республикасы, Словак Республикасы, Словения Республикасы, Түркия Республикасы, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Хорватия Республикасы, Чех Республикасы, Чили Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі және Эстония Республикасы азаматтары Қазақстан Республикасына визасыз келеді және Қазақстан Республикасынан визасыз кетеді.

18. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мемлекеттердің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында іскерлік мақсатта болуын күнтізбелік отыз күннен артық ұзарту туралы өтініш берген кезде, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге «іскерлік» санатындағгы бірмәртелік визаларды беруді жүзеге асырады.».

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында көрсетілген мемлекеттерге дипломатиялық арналар арқылы хабарлама жіберсін.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бір ай мерзімде осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ


______________________________________________________________________



Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы


2016 жылғы 23 желтоқсан               №842             Астана, Үкімет Үйі


Қызылорда облысының білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы


«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарына:

1) «Қызылорда қалалық білім бөлімінің №264 мектеп-лицейі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Тәкей Есетовтің есімі;

2) «Қызылорда қалалық білім бөлімінің мемлекеттік жалпы білім беру №15 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мырзабек Дүйсеновтің есімі;

3) «Қызылорда қалалық білім бөлімінің №101 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әли Мүсілімовтің есімі;

4) «Қызылорда қалалық білім бөлімінің №112 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Нағима Ахмадееваның есімі;

5) «Қызылорда қалалық білім бөлімінің №3 мектеп-лицейі мемлекеттік жалпы білім беру мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Серғали Толыбековтің есімі;

6) «Жаңақорған аудандық білім бөлімінің №168 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Исатай Әбдікәрімовтің есімі;

7) «Сырдария аудандық білім бөлімінің №131 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Талғат Қозыбаевтың есімі;

8) «Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Қонысбек Қазантаевтың есімі;

9) «Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Жыраулар үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Көшеней Рүстембековтің есімі;

10) «Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қармақшы аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Шәмшат Төлепованың есімі;

11) «Дауылкөл ауылдық округі әкімі аппаратының Тұрмағамбет ауылының клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Қуандық Бүрлібаевтың есімі;

12) «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Смағүл Ысқақовтың есімі;

13) «Қызылорда қалалық білім бөлімінің №140 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Абылай ханның есімі;

14) «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №269 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жанқожа батырдың;

15) «Арал аудандық білім бөлімінің №227 негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Аманқос Мұстафаевтың есімі;

16) «Қазалы аудандық балалар әуез мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Қорқыт атаның есімі;

17) «Қызылорда қалалық білім бөлімінің №235 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Көмекбай Қаракөзовтің есімі;

18) «Шиелі аудандық білім бөлімінің №228 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шәймерден Бәкіровтің есімі;

19) «Жалағаш аудандық білім бөлімінің №202 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Зейнолла Жарқынбаевтың есім;

20) «Шиелі аудандық білім бөлімінің №270 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ғафур Мұхамеджановтың есімі;

21) «Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Шиелі аудандық мәдени-шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Бұдабай Қабылұлының есімі;

22) «Қызылорда қалалық білім бөлімінің №261 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Серәлі Лапиннің есімі;

23) «Қызылорда қалалық білім бөлімінің №197 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әбу Құдабаевтың есімі;

24) «Қызылорда қалалық білім бөлімінің №198 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жанәбіл Нұрмановтың есімі;

25) «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда политехникалық кол­леджі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Мұстахым Ықсановтың есімі;

26) «Қызылорда облысының білім басқармасының Дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Еркін Әуелбековтің есімі;

27) «Жаңақорған аудандық білім бөлімінің №86 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ахмет Әділовтің есімі;

28) «Шиелі аудандық білім бөлімінің №40 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Алма Қыраубаеваның есімі;

29) «Арал аудандық білім бөлімінің №62 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жарасқан Әбдірашевтің есімі берілсін.

2. Мынадай білім беру және мәдениет ұйымдары:

1) «Қызылорда қалалық білім бөлімінің №6 К.Маркс атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қызылорда қалалық білім бөлімінің №6 Мұхамедғали Сужиков атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) «Ақжар ауылдық округі әкімі аппаратының Ақжар ауылының клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Ақжар ауылдық округі әкімі аппаратының Сәрсенбай Бөртебайұлы атындағы клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

3) «Арал қаласы әкімі аппаратының Арал қалалық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Арал қаласы әкімі аппаратының Зейнолла Шүкіров атындағы Арал қалалық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ


______________________________________________________________________



Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы


2016 жылғы 23 желтоқсан                №844                Астана, Үкімет Үйі


«Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі №929 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі №929 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №33, 445-қүжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесінде: реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

6. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414


« мынадай »;

мазмұндағы реттік нөмірлері 7, 8-жолдармен толықтырылсын:

7. Террористік қауіпке байланысты фактілер мен оқиғалар жөніндегі ұлттық қауіпсіздік органдарының «110 жедел желісі» 110

8. Мемлекеттік органдардың өзекті мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1434


»;

ескертпе мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

«Ұялы байланыс абоненттері үшін аталған тізбеде көрсетілген нөмірлерге қосылу сондай-ақ қысқа мәтіндік хабарламалар арқылы екі бағытта да тегін негізде жүзеге асырылады».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ


______________________________________________________________________



Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы


2016 жылғы 23 желтоқсан                №846             Астана, Үкімет Үйі


Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап төрт ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы

№846 қаулысына қосымша


Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. «Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы №218 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №25-26, 188-құжат).

2. «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы №218 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы №1478 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №80, 1188-құжат).

3. «Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы №218 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы №475 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №32, 491-құжат).

4. «Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы №218 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 маусымдағы №612 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №38-39, 371-құжат).

5. «Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы №218 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы №1100 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №64, 586-құжат).

6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №288 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., №24-25,149-құжат).


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2019

Салық төлеушілердің 20 миллион теңге өсімпұлы кешірілді

19.02.2019

Сенаторлар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады

19.02.2019

56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды

19.02.2019

«Сергек» жобасы жол-көлік оқиғаларының санын 15%-ға төмендетті

19.02.2019

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

19.02.2019

Халық сауалы жауапсыз қалмайды

19.02.2019

Қызылордада алаяқтар азаймай тұр

19.02.2019

Астана әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының өсу себептері түсіндірілді

19.02.2019

Жеке клиникалардың белсенділігі жоғары

19.02.2019

«Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады

19.02.2019

Оразалы Досбосынов атындағы аудитория ашылды

19.02.2019

Шетелмен әріптестік нығайып келеді

19.02.2019

«Смарт-Астана» қосымшасының жаңа сервистеріне қатысты мәселелер талқыланды

19.02.2019

Дәурен Сүйеукенов: дзюдодан Еуропа кубогінде ел чемпионатындағы есемді қайтардым

19.02.2019

Әлия Юсупова Гран-при кезеңі мен Будапешттегі халықаралық турнирді қорытындылады

19.02.2019

Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев батыр баламен кездесті

19.02.2019

Жер жаһанды шарлаған Мағжан

19.02.2019

Қарағандыда 24 000 жер үйге газ құбыры тартылады

19.02.2019

Абылайхан Жүсіпов Софиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

19.02.2019

Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу