​Қыранның – бас, тұмсық, танау, көз, қанат-қауырсын сындары

Қазақ құсбегілері құстың басын: жылан бас, кешкіл бас, жалпақ бас деп үш түрге бөледі.
Егемен Қазақстан
29.04.2017 8679
2

Қыранның бас сыны. Қазақ құсбегілері құстың басын: жылан бас, кешкіл бас, жалпақ бас деп үш түрге бөледі. 

Жылан бас – құстың екі шекесі қушық, төбе сүйегі ықшам, күн қағары тарлау келеді.

Кекшіл бас – құстың да төбе сүйегі ықшам, тұмсығындағы сары терісі мен тұмсық сүйегінің арасы сәл ояңдау, тұмсығы кішілеу болады.

Жалпақ бас – құстың екі шықшыты торсықша томпақ сүйекті келеді. Жалпақ бас құстардан денесі шағын болады. Көбінесе бұқатана мен сарша бүркіттер осы жалпақ бастардан тарайды.

Қыранның тұмсық сыны. Қазақ құсбегілері бүркітті тұмсығына байланысты: қылыш тұмсық, құзғын тұмсық, қалың тұмсық, сүйір тұмсық, т.б. түрге бөледі.

Алғыр қыран құсты тұмсығына қарап тануға болады. Оның тұмсығы басқа бүркіттердің тұмсығынан бір жарым есе ұзын және артық шығып тұрған үшкір имегі болмайды. Екінші сипаты – үстіңгі тұмсығының имегі астыңғы тұмсық имегін жарып артық шықпай бір қалыпты өседі. Тағы бір ескерер жайт: қолдағы бүркіттердің имек тұмсығы өсіп, ұзарып кететіндіктен құсбегілер әркез оны өткір пышақпен жонып, қырнап отырады.

Қылыш тұмсық – қыранның танау сетігі кең болады. Оның алдынан қарағанда тұмсығы көкке қарата ұстаған қылыш пошымдас көрінеді. Егерде қылыш тұмсықты құстың езуінің сыртқа қараған көмкеруі пышақтың қырындай болса, әрі тұмсығындағы мүйізгекпен жапсарласқан терінің арасы көзге шалынар мөлшерде жіліктеніп тұрса, бұл нағыз қыран. Қылыш тұмсықты құстың бет қылшығы имектене қайқайып танау сетігін жауып тұрады. Танауын жауып тұрған бұл қылшық құс тыныс алғанда ауадағы шаң-тозаңды сүзу міндетін атқарады. Бұл құстың қылыш тұмсық атануына себеп осы. Қылшықты қырандардың көбінде танауының қос қапталынан тұмсықтың ұшына қарай ырылған суағары болады. Бүркіт жем тартқанда танауынан ағатын су осы арқылы тамшылайды.

Құзғын тұмсық – құс деп қылыш тұмсықты бүркіттерді атай береді.

Қалың тұмсық – бүркіттің тұмсығы қошқар мұрындас келеді, әрі үсті имек-дөңестеніп, қоңқиып көрінеді. Астыңғы жақ сүйегі үстіне қарай бейім бітеді. Бұндай құс тым бапшыл болады әрі қыран шықпайды.

Сүйір тұмсық – бүркіттің тұмсығы қарақаздың тұмсығына бейімдес, қоңқы емес, аздап сүйірше келеді. Атақты құсбегі Жалайыр Шора қартайған шағында «қарға тұмсық құс салмадым, қашар бітімді ат мінбедім» деп өкініпті дейді. Осы Шора армандаған құс осы сүйір тұмсықты бүркіт. Қазақ құсбегілері «қылыш тұмсық қайтпас, қалың тұмсық байытпас» деген екен.

Қыранның танау сыны. Қазақ құсбегілері бүркітті танау бітіміне қарай: кең танау, жалпақ танау, қысық танау деп үшке бөлген.

Кең танау – бүркіттердің танауы кең, әрі дөңгелек пішіндес, тынысты келеді. Мұны қылыш жүнді мұрт деп атайды.

Жалпақ танау – бүркіттердің танау тесігі үшкілдеу болғанымен бітімі кеңірек болады.

Қысық танау – бүркіттің тұмсығының екі жағы қайқайып, алдынан қарағанда қаншырдай қабысып көрінеді. Мұндай құстардан алымды қыран кездеспейді. Көп жағдайда сарша бүркіттер қысық танау келеді. Егер де, кең танау бүркітке бейім бұқатана құс кездессе, оның сан жілігін өлшеп көру керек. Жілігі бір тұтамнан асса, ондай құсты қайырып, салуға болады.

Қыранның көз сыны. Қазақ құсбегілері бүркітті көзіне қатысты: көрқабақ, шүңгірек көз деп бөлген. Егер бүркіттің қабағы жайдақ, жұқалтаң, жаудыр көз болса жалтақой, қорқақ келеді. Бүркіттің көзі кіші қысықтау келсе қырандықтың белгісі. Мұндай құстарды құсбегілер «қызға бермес қысық көз» деп мақтайды. Бүркіттің көзі қиықшаланып құйрықша созылып бітсе, бұл не кезіксе соны алатын айтулы қыран болады.

Бүркіттің көзі табиғи жаратылысына байланысты: қара шегір, ақ шегір, сары шегір, қызыл шегір және қара мөлдір болады. Құсбегілердің айтуынша, Зайсан-Сауыр тауын мекендейтін құстардың балапанының көзі қара мөлдір болады. Құсбегілер мұны күйкентай көз деп те атайды.

Қыранның қанат-қауырсын сыны. Бүркіттің қанатындағы ең шеткі ұзын қауырсындарын қылыш шалғы (сабау шалғы) дейді. Ол 5-7 қауырсынды болады. Одан кейін ара қанатта 10 шақты доғал қауырсын, ірге қанатта 20-дай қанат-қауырсын болады. Ірге қанатқа жалғасқан, қомдап отырғанда бірінің астында бірі тұратын ірі жапырақ жүндерді болат жүн деп атайды.

Қылыш шалғыларының алдында жалпақтығы пышақтай, ұзындығы сүйемдей бірнеше пышақ шалғылары болады. Қылыш шалғыларының қауырсыны шынашақтай жуан келеді. Бүркіттің жүні тарақтай қалың болатындықтан, отырғанда ірге қанатқа ирек қалта түспей, жымдасып тұрады.

Бүркіттің құйрығындағы қауырсыны 12 тал болады. Балапан, түлек, тастүлек, ана жасына дейін құйрық пен қанатының асты ақ немесе ақшыл түсті болады да, ана жасынан өткеннен кейін қараяды. Қазақтың «адам қартайса ағарады, бүркіт қартайса қараяды» дейтіні осы.

Қазақ құсбегілері бүркітті қанатына айланысты: құзғын қанат, құмай қанат, шіл қанат деп үш түрге бөледі.

Құзғын қанат – бүркіттің белгісі екі шалғысының ұшы имектелмей түзу айқасып тұрады.

Құмай қанат – бүркіттің белгісі екі шалғысының ұшы орақталып, имектеліп айқасады.

Шіл қанат – бүркіттің белгісі шалғысы қысқа болады, әрі екі үші зорға айқасады. Шіл қанат бүркіт балапанда көк бөрі, тірнегінде қу бөрі аталады да, тек тастүлекке толғанда барып, толысып жетіседі. Қыран құстар осы құзғын қанат пен шіл қанаттан шығады. Құмай қанат құс шабан әрі жалқау келеді.  

Қыранның дене мүшелері: 1. Тұмсық, 2. Мойын, 3. Керме иық, 4. Топшы, 5. Би буын, 6. Жетім алғы, 7. Жемсау, 8. Аяқ, 9. Балақ жүн, 10. Қанаттың қылыш қыры. 11. Пышақ шалғы, 12. Шалғының сыдырғы ұшы, 13. Кіруке жүндері, 14. Құйрық, 15. Құйрықтың қасқасы (көбе қауырсын), 16. Май сауыт, 17. Шонты, 18. Ірге қанат, 19, Ара қанат, 20. Бес шалғы.

Сурет этнограф Б.Қинаятұлының архивінен алынды

Бекен Қайратұлы,

«Егемен Қазақстан» 


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу