“АТАНЫҢ ЕМЕС, АДАМНЫҢ ҰЛЫ БОЛУҒА ТЫРЫСТЫМ”

Егемен Қазақстан
06.01.2010 4852
“Жігіттік дәурен өткен соң, кісілік дәурен келеді” деп Майлықожа бабамыз айтқандай, сол кісілік дәурен адамның өткен ғұмырының маңыздылығымен, артына қалдырған үлгі-өнегесімен, өзі өмір сүрген дәуірдің белгілі бір кезеңінің жүгін зейінмен зерделеп, пейілмен пернелей көтерген білігімен, парасат-пайымымен өлшенсе керек. Мемлекет және қоғам қайраткері, іскер басшы, ұйымдастырушы ретінде ұзақ жылдар бойы Алматы қаласы мен облысында партия-кеңес қыз­метінде абыройлы жұмыс жасап, ел эконо­микасының, мәдениетінің нығайып, өсіп-өркендеуіне үлес қосумен қатар, ел ардақтысына айналған ардагер ағамыз Ізбасар БАЛТАҒҰЛОВ сол өлшемге сиятын жанның бірі. Күні бүгінге дейін санаттан қалмай, туған елдің кәдесіне жарап жүрген үлкен жүректі елгезек ағаның ғұмырнамалық баянында өсу, өрлеу жолдарының белес бедерлерін, ғибратты өмірінің алтын арқауына айналған артында сайрап жатқан ізгілікті, адами қасиеттері бүгінгі ұрпаққа үлгі боларлық. – Ізбасар аға, қазақ халқында әдемі, абыройлы қарттық, қариягершілік қасиет те атадан келе жатқан мұра. Сіз сол асыл мұраға адалдық танытып келе жатқан ел ақ­сақалысыз десем, әкеңіз Балтағұл Бигелдиев те ел басқарғаны өз алдына, азаматтығымен, ақындығымен Балқаш өңіріне, Алматы облысына танымал адам болған ғой. Әкеден ұл туса игі, ата жолын қуса игі деген... – Рахмет, айналайын, еліміздің бас ба­сылымы “Егемен Қазақстан” тоқсанға келіп жатыр екен, тойларыңыз құтты болсын. Ана күні сол тойға теледидардан Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың арнайы барғанын көріп қуанып қалдым. Құдайға тәубе, Нұрекең Димекеңнен алған эстафетаны абыроймен жалғастырып келеді. Ата-бабамыздың арыдан келе жатқан ке­ремет жақсы әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің бәрі сақталуда. Ең алдымен Нұ­ре­кеңе осы үшін рахмет айтамын. Ұлт бірлігін, тыныш­тықты сақтап, елін жақсы басқарып отыр. Астананы көшіргенге бірлі-жарым адамдар ренжіп еді, солардың ішінде өзім де бармын. Жоқ, онысы дұрыс екен. Жаңа ас­та­наны апарған жері Қазақстанның қақ ор­тасы, оның үстіне қазақтың алғашқы мем­лекеттігін құрған Абылай, Әбілқайыр хан­дар қоныс тепкен жер, көрегендік жасап үлкен қала орнатқанына қазір ел риза. Қа­зақстан бұрынғы одақтас республикалардың алдыңғы қатарына шықты. Қазір біз мықты өркениет­ті мемлекеттердің қатарындамыз. Енді әкейге келейік. Балтекең тек қана әкем болғандықтан емес, ол кісі шын мәнін­де өз уақытында халқының қамын жеген, елі үшін есті өмірі мен еселі еңбегін аямаған, өз кезеңіне сай қайраткер болған адам. Қазақ­тың жүз биінің бірі Бигелді бидің баласы. Жасынан өте зерек, пысық болып өседі. Арабша, латынша, орысша хат танып, кейін өз бетінше сауатын көтеріп, әдебиет пен тарихты көп оқыған, әрі сегіз қырлы, бір сыр­лы еді. Өзі әнші, күйші, гармонмен қазақ, татар, қырғыз әндерін өте жақсы салатын. Кәсіптің барлық түрін меңгерген. Бәйгеге жүйрік қосып, құс салып, тазы жүгірткен, үлкен саяткер кісі еді. Құралайды көзінен ататын мерген еді. Қансонарда саятқа шыққанда 20 оқ санап әкетсе, 20 қырғауыл әкелетін. Бізге қол қауға, ау, сүзекі, қайықпен жүзіп жүріп желіқармақ, жайқармақтармен балық аулауды үйретті. Ашаршылық жылдары Алматы облысы, бұрынғы Балқаш ауданының Желтораңғы ауылындағы елді аң аулап, балық ұстап аман алып қалған. Өзі көпшіл, қазақтан дос-жараны былай тұрсын, орыстан жекжаты көп еді. Балтекең Жетісуда кеңес өкіметін орнатуға да белсене қатынасты. Сарытауқым болысының ревкомы болды. Кейін базаны басқарды. Елге сыйлы, Балқаш ауданының ең құрметті ақсақалы болды. Басқа қызметі өз алдына, ол кісі халық ақыны еді. Көзі ті­рісінде үш кітабы жарық көрді. Анам Мәрия өте көрікті, ескіше хат таныған, қолы шебер-тін. Он бір құрсақ көтергенмен жастай ше­тінеп, екі қарындасым Ажар, Қуан үшеуіміз өстік. Үшеуіміздің ішіміздегі ең ақылды, жанып тұрған Қуан бүгінде арамызда жоқ, көңілге медет – артында ұрпағы бар. Егер осы өмірімде кішкене жетістікке қол жеткіз­сем, ол ата-анамның арқасы, әкемнің тәлім-тәрбиесі, ақыл-кеңесі. Сол кісілерге қарыз­дар адаммын. – Сіздің маңдайыңызға қарақан бастың қамынан асып, елге, жерге, халық үшін қызмет ету бақыты да бұйырыпты. – Оның рас, қарағым. Алғашқы маман­дығым мұғалімдік еді, осы қызметте жүріп көзге түскен болуым керек, 1954 жылы Бал­қаш аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайландым. Сол жылдары солтүстікте тың игеруге жастарды тартса, біздер оңтүстіктің жастары екінші тың – мал шаруашылығын игереміз деп Орталық комитетке ұран тастадық. Ол жаман болған жоқ, облыста бірінші орын алып, “Урал” мотоциклін, кейіннен “Москвич” автокөлігін жеңіп алдық. Сол жылдары Бақанас өңірінде мемлекеттік ондатр шаруашылығы құры­лып, үш жылдай басқардым. Америкадан әкелген ондатр жерсінбейді деп жатқанда Мәс­кеуден штат ашқызып, 60 тәжірибелі маман әкеліп, балқаштықтар 1 жылда 1 млн. дана ондатр терісін өткізіп, одақта бірінші орынға шықтық. Сөйтіп, КСРО-ның аң шаруа­шылығы мамандарының тұңғыш 1 слетін біз­де өткізуге қол жеткіздік. Осындай табыс­тардан кейін партия-кеңес қызметіне алып, 1960-70 жылдары осы ауданның басқару жұмыстарында болдым. Бірде іссапарда болған Алматы облысының бірінші хатшысы Асанбай Асқаров мені обкомға қызметке шақырды. Сол жылдары Алматыда 130 елден әлемнің денсаулық сақтау саласының корифейлері, академиктері жиналған симпозиум өтті. Осы жиынның қарсаңында біздер облыста 20 ФАП ұйым­дас­тырғанымыз бар. Сонда делегация құра­мында келген АҚШ президентінің бауыры Эдвард Кеннеди Қазақстан басшысы Д.Қо­наевқа: “Біз біраз нәрсе үйретеміз бе деп кел­сек, сіздерден үйренеріміз көп екен” депті. Одан кейін Алматы қалалық партия комитетінің екінші, кейін бірінші, облыстық парткомның хатшысы болдым. Осы жылда­ры бүкілодақ­тық соцжарыста алдыңғы қатар­да болып, Алматы облысы екі рет Ленин орденімен марапатталды. Бүгінде сол жақсы істерге қатысым болғанына мақтанамын. 1980 жылдары “Казглавлитоны” басқаруға кел­генде он бесінші орындағы мекеме, қызмет­тен кетерде бірінші орынға шықты. – Ізбасар аға, жұрт елімізде ұмытылып қалған ақындар айтысын кеңестік дәуір дәуірлеп тұрғанда қайтадан жандандырған сіз дегенді айтады. – Әкей бір күні “Әй, батыр-ау, қазақта суырып салма ақындар болған, сол дәстүр өліп бара жатыр. Ең соңғысы 1943 жылы Жәкеңнің айтысуымен өтті. Үлкен қызметте жүрсің, осы еліңе қажетті игілікті істі қолға алсаң етті” дегені. Осы әңгімеден кейін А.Асқаровқа барсам, осы мәселемен Қонаевқа кіріп шығуыма кеңес берді. Димекеңе жеткенше қарсылық­тар аз болмады. Содан Мәскеуге жол тартып, КОКП ОК идеология жөніндегі хатшысы Зимяниннің қабылдауында болдым, ол сақтық жасап М.Сусловқа сілтеді. Қойшы әйтеуір, оған түсіндіріп, келісімін алғаннан кейін Димекең рұқсатын берді. Сөйтіп, М.Әуезов “айтыс өнерінің алтын діңгегі” атанған Жетісуда айтыс қайта жаңғырды. Осындай бастан өткен еңбек бар. Босқа өмір сүріп, сексенге жәй келгенім жоқ, “Атаның ғана емес, адамның баласы бол” деп Абай айт­қандай, адамның баласы болуға тырыс­тық. Өткенге, әрине, сын көзбен қараймын. Кемшіліксіз болмайды. Бірақ, өзімнің өр­кендеген еліме шамам келгенше үлес қостым ғой деп ойлаймын. Тағдырыма ризамын. – Сіздің Алматы қаласындағы саз аспаптары мұражайы жабылуға шақ тұрғанда оны күрделі жөндеуден өткізіп, республикалық Ықылас атындағы саз аспаптары мұражайы деңгейіне жетуіне мол еңбек сіңіргеніңізді біреу білсе, біреу біле қоймас. Қазақтың біртуар азаматы Димекең зейнеткерлікке шығып, басынан қиын-қыстау уақыт өткенде де жанынан табылғаныңызды, бүгінде сол кісінің мұражайында қызмет жасап жатқаныңызды айта кеткен жөн шығар. Соңғы сауал, сіздің осындай дәрежеге жетіп, алаңсыз атқа мініп жүруіңізде жақсы жардың да еңбегі аз болмауы керек. Анадан кейінгі ер адамның тілеуін тілеуші адал жары ғой... – Егер маған Жаратқан басыма азды-көпті бақ қондырса, ол осы адал жарыма байланысты ғой деп ойлаймын. Өйткені, жарың дұрыс болып кездеспесе, төрдегі басың есікке барары хақ. Ол кісі өзін ұмы­тып кеткен адам. Оның бүкіл тілегі, ойы, арманы – отағасы, балалары. Бұл қазақ аналарының көбінде бар қасиет. Мысалы, әлі күнге атымды атамайды. Гүлекең келін болып түскенде екі қарындасым үйде, бір нәрсе болса “аға, сізді папам шақырып жа­тыр”, “аға, кісілер келді” деп айта берсе ке­рек. Содан той тарқаған соң “ағасы, шәй ішейік” дегені. Міне, содан бері “ағасымын”. Бұл сый-құрметтің ерекше үлкені. Оның үстіне бүкіл әулеттің, бала-шағаның бар тірлігін өз мойнына алған. Мен де Гүлсағила Ойшықызын – ойымнан жақсы шығып тұрса Гүлеке, ал бір шығып, бір шықпай қал­са Күлеке деймін. 6-7 бала өсіріп отырмыз, біреуі қыз, қалғандары ұл. Бауырлары сол қызыма билікті берген, балаларымның ауыз бірліктері керемет. Атыма кір келтірмейді, байлығым – сол балаларым. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ, Алматы.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларды қолдаудың 10 қадамы жасалды

22.02.2019

Қостанайда әкім есебі жаңа ғимаратта өтті

22.02.2019

Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті

22.02.2019

Қарағанды облысында 479 жоба іске асады

22.02.2019

Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

22.02.2019

Sanofi - күдіктен ада компания

22.02.2019

Сенатор С.Айтпаева Германиядан келген делегациямен кездесті

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттары беріледі

22.02.2019

Ақтөбе облысында су тасқынына дайындық шаралары қабылданып жатыр

22.02.2019

Құралай Ахмет: Шет елде оқуға ынтасы бар кез келген адам «болашақтық» бола алады

22.02.2019

Жастар кәсіпкерлігіне арналған «Jas Business» семинары өтті

22.02.2019

Халықтың әл-ауқатын жақсарту – басты мақсат

22.02.2019

Жоғарғы сот жемқор судьяларды анықтауды күшейтеді

22.02.2019

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы әлем чемпионатында бақ сынайды

22.02.2019

Ерлан Қошанов көпбалалы отбасылар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілетінін айтты

22.02.2019

Мамандар: Денсаулық туралы жаңа Кодексті қабылдау бизнес үшін кедергілер туғызуы мүмкін

22.02.2019

Семейде «Нәджип Әмір» атындағы аудитория ашылды

22.02.2019

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

22.02.2019

Милад Карими мен Аким Мусаев Мельбурндегі Әлем кубогінің финалына өтті

22.02.2019

Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне қатысады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу