“Казахстанская правда” – 90

Егемен Қазақстан
01.01.2010 9034
ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ  БАЙЫРҒЫ БАСЫЛЫМЫ Дүбірлі дәуіріміздің ірілі-ұсақты оқиғалары зымыран Уақыт таразысына тартылып, елеп-екшеле келе, тарих тәбәрігіне айналады емес пе. Егемен еліміздің байырғы басылымдарының бірі –“Казахстанская правданың” бастауында тұрған “Известия Киргизского края” газетінің сарғайған нөмірлерін қолыма алғанда ерекше бір күйге бөленемін. Аумалы-төкпелі төңкерістен кейін іле-шала азамат соғысына ұласқан сұрапыл жылдарда жалын жұтып, от шайнаған жаңа заман жаршылары – газет кейіпкерлерімен емен-жарқын әңгімелесіп, сұхбат құрғандай боламын. Қорғасын әріптермен өрілген көмескі жолдарда Замана шежіресі хатқа түсірілген. Бұл шежіреге де, міне, тоқсан жыл толып отыр. Тоқсан жыл. Бұл – адамзат тарихы үшін қасым-қағым сәт бол­ғанымен, ел шежіресінде, қоғам­дық сана жадында қатпар-қатпар кезең­дердің тоғысы сана­латын тұтас бір дәуір. Ал әрбір парағы Тарих мөрі­мен куәландырылатын басылым үшін бұл мерзім толысу, марқаю белесі, жаңғыру, жаңару баспалда­ғы іспетті. Дала қостары мен зауыт цехтарында қойын дәптеріне сараң цифрларды түсіру үшін мыңдаған шақырым жолды артқа тастап, замандас бейнесін сомдаған газет публицистерінің шығармашылық ізденістері журналистердің бүгінгі буыны үшін де үлгі-өнеге болып табылады. Жалпыұлттық басылым – “Ка­зах­станская правда” газеті әрдайым халықтың сөзін сөйлеп, елдің пікірін білдіріп келеді. Газет пен оның қызметкерлері, көсемсөз­ші-журналистер от-жалынды азамат соғысының қиын-қыстау жылда­рында да, ел басына күн туып, ер-азамат толарсақтан саз кешкен Ұлы Отан соғысы тұсында да, тусыраған тың және тыңайған жерлер игері­ліп, ел игілігіне айналғанда да, Қазақ­стан Магниткасында балқы­тылған болат пен шойын қазіргі заманғы индустрия қабырғасын қалағанда да өз оқырмандарымен бірге болып, қуанышы мен қайғысын бөлісе білді, сенімді серігіне айналды. Міне, сондықтан да отандық журналистиканың өткені мен бүгінін зерделеп жүрген тарихшы-ғалым ретінде мен “Казахстанская правданың” қаз тұрып, қалыпта­суын, кемелденуін еліміздің тари­хы­мен тікелей, тығыз байланыста қараймын. “Казахстанская правда” – “ұлттар достығы лаборато­рия­сына” айналған еліміздің көптілді журналистикасының көшбасшысы, орыс тіліндегі баспасөздің қара шаңырағы болып табылады. Газет “шинелінен” Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ бүкіл ТМД кеңісті­гінде де аса танымал қаламгерлер шоғыры тәрбиеленіп шықты. Газет елмен бірге есейді. Егіздің сыңары іспетті “Егемен Қазақстан­мен” бірге береке-бірліктің, достық пен ынтымақтың бастауы болды. Шығармашылық үрдісі, талант табиғаты бір арнадан бастау алатын осынау екі басылым да ел тарихын­дағы елеулі кезеңдерде Қазақстан­ның бас қалалары – Орынборда, Қызылордада, Алматыда шығып келді. Енді, міне, жұбы жазылмай Астанада жарық көруде. Басылым­дардың тасқа басылған газет жол­дары арқылы жазылған ғасырға жуық тарихы зейінді зерттеуші­лердің талай буынын қызықтырары сөзсіз. Басылым “Казахстанская прав­да” аталғанға дейін тарихи кезең­дердің табы басылған бірнеше аталымды иеленді. Еліміздің алғашқы астанасы – Орынборда “Известия Киргизского края” деген атпен шыға бастаған өлкелік газет 1921 жылы “Степная правда” болып өзгерді. 1923 жылғы 20 қарашадан газет “Советская степь”, ал 1932 жылғы ақпаннан бері “Казахстанская правда” деп аталып келеді. Осы орайда мынадай бір шегініс жасау керек сияқты. 1918 жылы Қазақстан аймақтарында қазақ және орыс тілдерінде оннан астам газет шығып, олар бүгінгі бір­қатар облыстық газеттердің негізін қалады. Алайда, Орынборда Кирревком құрылғаннан кейін ғана республикамыздың басты басылымдарын құруға қол жетті. ...Газет тігінділерін ақтарып отырған зерделі зерттеуші бір сәт тарих тылсымдарына бойлап, зама­на дем алысын сезінгендей болады. “Советская степьтің” уақыт табы сіңген сарғайған беттерінен сіз Мате Залканың (Бела Франкль, генерал Пауль Лукач – бәрі де осы кісі), Ұлы Отан соғысы жылдарын­да қоршаудағы Ленинградтың символына айналған Ольга Берг­гольцтің, ұлы Жамбыл жырларын орыс тіліне аударған майталман тәржімашы, “Правданың” арнаулы тілшісі, Панфилов дивизиясының “За Родину” газетінің редакторы Павел Кузнецовтың, белгілі кеңес публицистері Павел Рогозинский мен Сергей Крушинскийдің қолтаңбаларын көре аласыз. Ұлы Отан соғысының отты жыл­дарында Самуил Маршак, Ми­хаил Зощенко, Кукрыниксы, Сер­геев-Ценский, Ольга Форш, Конс­тантин Симонов, Алексей Толстой және басқа атақты кеңес ақын-жазу­шылары мен суретшілері газет­пен тығыз байланыс жасап тұрды. Сондай-ақ, қазақстандық қа­лам­гер­лер де басылыммен тығыз қа­рым-қатынаста болды. Әбу Сәрсенбаев­тың, Құрманбек Са­ғын­дықовтың, Бауыржан Момыш­ұлы­ның, Дмитрий Снегиннің, Мәлік Ғабдулиннің, Сырбай Мәуленовтің, Тәшібай Әлмағамбетовтің, Ғазез Әбішевтің, Жұмағали Сайынның, Сағынғали Сейітовтің, Жұбан Мол­дағалиевтің әскери әңгімелері, очерктері, өлең-жырлары газет төрінен орын алды. Басылым отаншылдық рухты, патриотизмді тәрбиелеуге зор маңыз берді. Жамбыл Жабаевтың, Мұхтар Әуезовтің, Қаныш Сәтпаевтың, Сергей Михалковтың, Константин Паустовскийдің, Ғабит Мүсіреповтің, Сәбит Мұқановтың, Қайнекей Жармағанбетовтің жалынды көсемсөздері майдан мен тыл қаһармандарына жігер беріп, ерлікке үндеді. Бейбіт кезеңде еңбек көрігін қыздырған “казправдалықтар” жа­сампаз еңбектің алдыңғы сапынан көріне білді. Белгілі қаламгерлер Ф.Боярский, Ф.Михайлов, П.Ко­сенко, Н.Анов, О.Мацкевич, Ф.Иг­натов, Н.Шевцов, И.Держиев, К.Ким, М.Полторанин, Ю.Кукуш­кин, М.Барманқұлов, Б.Ғабдуллин, С.Ягмурова және есімдері осы тізімге енбей қалған өзге де талант­ты қаламгерлер шығармашылық ізденіс көкжиегін кеңейтіп, дәуірдің публицистік бетбейнесін қалыптастырды. Басылымның 80 жылдық мерейтойына орай 1999 жылы “Это нашей истории строки” атты кітап өмірге келді. Оның алғысөзінде “еліміздегі бірден-бір жалпыұлттық басылымның толық шежіресі әлі күнге дейін жасалған жоқ, тіпті жұқа кітапша да жазылмады” делінген болатын. Расында да, “Казахстанская правда” жөнінде көп айтылып, жазылып жүрсе де, басылым тарихы зерделенетін толыққанды еңбектің әлі де өмірге келмегені шындық. Дегенмен... Өткен жылғы қара­шада Қазақстан Журналистика ака­демиясы “Алтын Самұрық” атты жалпыұлттық журналистика сый­лы­ғын “казправдалықтардың” қан­жығасына бүтіндей байлады (бұдан сәл ертерек ол газеттің бұ­рын­ғы бас редакторы Федор Про­копьевич Михайловқа бұйырған еді). Жүздеген басылымнан тұратын еліміздің бұқаралық ақпарат нарығында бағыт-бағдарын нақты айқындап, оқырман ықыласына бөлену оңай шаруа емес екені өзінен-өзі түсінікті. Ал республика билік органдарының үні болу газетке ерекше жауапкершілік жүктейді. Ақиқаттың ақ жолынан табыла отырып, кері тартқанды бері тартуға тура келетіні де жасы­рын емес. Басылымның басты бағ­да­ры жасампаздық өркендеу, тату­лық пен достық, ынтымақтастық бағыты болып табылады. Тоқсан жылдық шығармашылық мұратына берік “Казахстанская правда”, міне, сондықтан да Отанымыз бен шетелдердегі миллиондаған оқыр­мандардың сүйікті газетіне айна­лып отыр. Мерейлі мерекелеріне зор шы­ғар­машылық табыстармен, тарал­ғылы тартулармен келген әріптес­терімізге “жазар көбейсін!” дегіміз келеді. Сағымбай ҚОЗЫБАЕВ, Қазақстан Журналистика академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

17.02.2019

Дәрігерлер балаларды көңілді бимен оятты

17.02.2019

Алакөл ауданында көпбалалы отбасыларға пәтер берілді

17.02.2019

Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогінен екі медаль жеңіп алды

17.02.2019

Жансель Дениз Turkish Open турнирінде жеңімпаз атанды

17.02.2019

Елена Круглыхина могулшылар алдындағы басты міндетті атады

17.02.2019

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» биыл «Авангардтан» төртінші мәрте жеңілді

16.02.2019

Сапарбаев: Бірде бір бала назарсыз әрі қамқорсыз қалмауы керек

16.02.2019

Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

16.02.2019

Астана қаласы мен үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16.02.2019

Қарағандыда NASА кездесу өткізді

16.02.2019

БҚО-да көп балалы отбасылар мәселесін шешуге қосымша 500 млн теңге бөлінеді

16.02.2019

Қарағандыда полицияның 200 қызметкері волейбол ойнады

16.02.2019

Қарағанды облысында мектеп жабылып қалды

16.02.2019

Демалыс күндері боран соғып, жауын-шашын болады

16.02.2019

Оралда радиатор зауыты ашылады

16.02.2019

Баянауылда аудандық қысқы спартакиада өтті

16.02.2019

Биыл Батыс Қазақстан облысында 5 жатақхана құрылысы басталады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу