“ҚОРДАЙ-НАНЫНЫҢ ҒАЖАЙЫБЫ НЕДЕ?”

Егемен Қазақстан
13.01.2010 1896
Бүгінде өркениетті елдерде тағамдану саласы мен тағамтану ғылымына аса үлкен мән беріліп отыр. Ондағы туындаған мәселе­лер­ді шешу мақсатында үлкен іс­тер де атқарылып жатыр. Қазақ елі де сол өркениет ішінде, мәдениет көшінде келеді десек те, тағамдану мен тағамтану саласында ойла­са­тын мәселелер баршылық сияқты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) сараптауы бойынша әлемдегі өлім-жітімнің 60 пайызы дұрыс тағамданбаудан болатындығы анықталған. Дұрыс тамақтанбау дегеніміз, кедей ел­дердегі азық-түліктердің жеткілік­сіз­дігі ғана емес, сонымен бірге тағамдардың  сапасыздығынан, он­дағы адам ағзасына өте қажетті йод, темір сияқты заттардың жетіспеушілігінен Жер шарында 1,5 миллиардтан астам адам зардап шегіп отырған көрінеді. Ғалымдардың дәлелдеуінше, адам өз ғұмырында 60 тоннаға жуық тағам өнімдерін жесе, ал дастарқан басында орта есеппен 3 жыл уақытын кетіреді екен. Бұл есеп өзін өзі құрметтей білетін адам үшін “Біз осы қалай тамақ­танып жүрміз? Қандай нан жеп жүрміз?” деген сауал төңірегінде бір мезгіл ой қорытуға әбден негіз болады. Адам еттен “шығады”, майдан “шығады”, тағы басқалардан же­риді, бірақ “нанан шықтым” деген пенденің пікірін естімейсіз. Өйткені, астың атасы – нан. Та­ғам­дардың ішінде адам денсау­лы­ғы үшін аса маңызды рөл атқара­тыны да нан өнімдері. Ал нан өнімдері көбінесе ауылшаруашы­лық дақылдардың ішіндегі бидай  ұнынан дайындалады. Осы бидай ұнынан пісірілген макарон, кон­ди­тер және нандардың құрамындағы адам ағзасына қажетті макро-микроэлементтер, йод, темір, т.б. жеткілікті мөлшерде ме? Ол адам ағзасының қажеттілігін қамта­ма­сыз ете ала ма? – Өкінішке қарай, – дейді бұ­рынғы физик, бүгінгі кәсіпкер Базар Ұзабаев, – қарапайым ха­лық пайдаланып жүрген нан тағам­дарының құрамында йод пен темір секілді, тағы басқа пайдалы элементтердің аз мөлшерде екені анықталып отыр. Өйткені, бүгінгі тамақ өнеркәсібі саласында йод пен темір жетіс­пеу­шілігінің ор­нын толтыру не­месе тағамдарды осы микро­эле­мент­термен байы­ту (форти­фицирование) мәселесі кеңестік дәуірдегі ескі жүйе бойынша жүзеге асырылып келеді. Яғни, йодталған ас тұзын пайдалану немесе жарнамадан түспейтін “Ио­домарин” секілді шетелдік пре­параттар арқылы мәселені түбегейлі шешуге тырысады. Мен физик ретінде халыққа йодтың екі түрі бар екенін білген жөн деймін. Жоғарыда айтылған йод – неор­ганикалық йод, сондықтан оны мөлшерден көп пайдалану адам денсаулығына зиянды. Қордайлық кәсіпкер Базар Ұзабаевты біз бұрын физика пәні­нің мұғалімі, тіпті облыстық білім басқармасын басқарған білікті басшы ретінде білетінбіз. Бірақ соңғы он жылдың бедерінде кәсіп­керлікке біржола ден қойыпты. Кәсіпкерліктің ішінде нан өнім­дерін шығара бастағалы бері оның сапасына да баса назар аудара бас­тапты. Әлбетте, бәрі де халықтың басы аман, бауыры бүтін болуы үшін. – Жалпы табиғатта, – деген бізбен әңгімесінде Базар бауы­рымыз, – астық тұқымдас өсімдік ішінде жүгері, арпа, сұлы, соя, қарақұмық, ас бұршағы, ноқат, тары және фасольдың табиғи құ­рамында адам ағзасына аса қажетті йод, темір секілді пайдалы макро-микроэлементтер көп болады. Бірақ қазіргі тағам өнеркәсібінде қолданылып жүрген техноло­гия­лық әдіс-тәсілдер экономикалық жағынан қымбаттығы былай тұр­сын, өңдеу процесінде аты аталған дақылдардың бойындағы пайдалы макро-микроэлементтерді жойып жібереді. Әсіресе, гидротермиялық өңдеу кезінде йодтың ұшып кету жағдайы өте көп орын алады. Міне, осы тұста қордайлық кә­сіп­кердің ілгеріде физика пәнінен дәріс беріп, физика ғылымын жете оқығаны көмекке келді деуге негіз бар. Ол екі жылдың ішінде жаңа станок ойлап тапты. Базар Ұза­баевтың “ноу-хауы”, яғни жаңа­ша тәсілі – құрғақ өңдеу арқылы жүгері, арпа, сұлы, соя, қарақұ­мық, ас бұршағы, ноқат, тары және фасольдың құрамында йод, темір сияқты тағы басқа макро-микроэлементтер толық сақтала­ды. Оның әмбебап астық өңдеу мәшинесі Қазақстан Ұлттық па­тент ведомствосы арқылы патент­телген. 53 түрлі композитті (аралас) ұнға берілген иннова­циялық патенті Ұлттық тағам академиясының сараптама қо­рытындысымен, республикалық тамақ қауіпсіздігі сертификаттау орталығының сараптамасымен және сертификатымен техни­ка­лық стандарт жасалынып, рес­пуб­ли­калық санитарлық-эпиде­мио­ло­гиялық стансасында бекітілген. Бүгінде ғылымға сүйенген кәсіпкер “Қазақстанның ұлттық инновациялық нан өнімдері” жобасы аясында Алматы техно­логиялық университетінің “Нан өнімдерінің технологиясы” ка­федрасымен бірлесіп композитті (аралас) ұндарды озондалған су­мен араластыру арқылы жаңа нан өнімдерін (нан, кондитер, макарон) қолға  алып, Алматы, Тараз қалалары мен Қордай ауда­нының халқына ұсынуда. Ол нандардың құрамында йод, темір тапшылығы деген жоқ. “Қордай нан” ЖШС шығарған нан өнім­дері 2008-2009 жылдардағы ха­лықаралық көрмелердің жеңім­па­зы деп те танылды. “Қазақ­стан­ның ұлттық инновациялық нан өнімдері” атты жобаға ғы­лы­ми жетекшілік жасаған профес­сор Әуелбек Істайұлының да үлесі зор. – Озондалған сумен ара­лас­тыру демекші, озон – емдік табиғи газ – денсаулық кепілі. Озонның, негізінен, медицина саласында кең қолданылатыны белгілі. Қазіргі кезде ауыл ша­руашылығы саласында да қол­даныла бастады. Өйткені хлор­мен салыстырғанда оның дезин­фек­циялық қасиеті 10 есе артық екені анықталған және адам денсау­лы­ғына зиянсыз. Қарапайым мысалмен айтсақ, озондалған судың тазалығын Алатаудың ба­сындағы ауамен салыстыруға бо­лады. Еуропа елдері суды тазалау кезінде хлордың орнына бүгінде озонды қолдануда, – дейді физик-өнертпақыш-кәсіпкер. Демек, Базар Ұзабаев нан өнімдерінде озондалған суды қолдануда елімізде ғана емес, жақын шетелдердің ішінде де бірінші  болып  тәжірибе жасап отыр. Бұл қолдайтын, қуаттай­тын жаңалық. Нан өнімдерінде озондалған суды қолданған кезде түрлі жақсартқыштар, дәмін жақ­сарту үшін қосылатын хи­мия­лық қоспалар қолданыл­май­ды. Оңтүстік өңірдің қамырлы­лы­ғы төмен ұндарын да қол­да­нуға болады, олардың сапасы сол­түстік өңірдің ұнынан дайын­далған нан өнімдерінен кем емес. Жоба жетекшісі Базар Ұза­баев, инженер-технолог Нұр­бо­лат Жұрынбаев, технолог Марат­күл Тілеужановалардың ізденісі көп ұзамай барша қазақстан­дық­тардың игілігіне айналатынына күмән жоқ. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы, Қордай ауданы.
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.11.2018

Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысының білім беру саласының мамандарымен кездесті

14.11.2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

14.11.2018

Елбасы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтында болды

14.11.2018

Үкімет басшысы Жамбыл облысында болды

14.11.2018

Атыраулықтар жалпыұлттық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өтті

14.11.2018

Қ.Тоқаев: Бюджетті қарау кезінде тек мемлекеттік мүдде үстем болуы тиіс

14.11.2018

Африканың Батыс Сахарасында күрделі тапсырмаларды орындады

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысында тағы бірнеше кәсіпорын жалақы өсірді

14.11.2018

Халықаралық балалар шығармашылығы Фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

14.11.2018

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылында 40 пәтер пайдалануға берілді

14.11.2018

Елбасы кітапханасы ақтөбелік жоғары оқу орнына 350-ден аса кітап тарту етті

14.11.2018

Алматыда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі талқыланды

14.11.2018

Алматы жұртшылығы жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Алматыда «Көшпенділер әуені» атты дәстүрлі орындаушылардың ІІ Республикалық байқауы өтті

14.11.2018

Алматыда дәстүрлі «Болат Тұрлыханов кубогі» өтеді

14.11.2018

Бақытжан Сағынтаев Таразда Халықты жұмыспен қамту орталығына барды

14.11.2018

Асқар Мамин өңіраралық семинар-кеңеске қатысты

14.11.2018

Премьер-Министрге «Смарт-Тараз» және Тараз-Хаб жобалары таныстырылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу