100-ге жүзіп жетпекші

Ұлы Отан соғысының ардагері, тоқсанның төртеуіне келген қария Бүркіт Есжанов суда жүзсе, әй, анау-мынау жүзгішке дес бермейді-ау!
Егемен Қазақстан
05.06.2017 19237
2

Жасы жүзге бет алған адам­ның суда балықша жүзгеніне басқа түгіл, ол кісіні бұрыннан білетін жақындары мен таныс­тары да таңдай қағуларын қоймайды. Ақсақалдың жүзумен үзбей шұғылданып жүргеніне он жылдан асыпты. Күн сайын жаттығумен айналысып, екі сағаттай жаяу жүріп, серуен құрады екен. Майқұдықтағы №77 орта мектептің бассейніне жұмасына екі рет барады. Суға бір сүңгігенде алты жүз метр­дей қашықтықты артқа тастап қайтады. Жаттығудан ешқашан қалған емес, ол өзі тұрақты дағды­сына айналған. Ақсақалдың айтуынша, сергек жүруі мен әлдеқайда жас көрінуі де осы пайдалы әрекеттерінің арқасы екен. 
Ал жаттықтырушылар болса, бұл кісінің табандылығына дән риза. Осынша жасқа келгенде, денеге күш түсіру тұрмақ, әшейін жүріп-тұрудың өзі мұң болатыны кімге де болсын белгілі жайт емес пе..?
– Мен Бүркіт Есжанұлымен осыдан он жыл бұрын танысып едім, – дейді ардагердің жаттық­тырушысы Сергей Кокарев. – Сол кезде оның тірек-қимыл жүйесі едәуір шаршаған сыңайда еді. Өзі әлжуаз көрінді. Бұлшық ет­тері болбыраған, тамаққа да тә­беті нашар. Біздің бассейнімізді көргеннен кейін  келіп, жаттығып тұруға өтініш білдірді. Содан беріде өткен он шақты жыл ішінде, көріп отырғандарыңыздай, бұл адам ғажап өзгерді. Әр жаттыққан сайын шаршаудың орнына, қайта серги түседі. Бұлшық еттері де қатайып, өзін әлдеқайда жақсы сезінетін болды. Далада серуен­деу уақытын көбейтіп, суда жүзу қашықтығын біртіндеп ұзарта берді. Кейбір жайсыз ауа райында немесе белсенді түрде шұғылданатын қоғамдық қызметіне қатысты болмаса, жаттығулардың бірде-бірінен себепсіз қалған емес. Ол жастарға ғана емес, барлық адамдарға үлгі болатын тұлға, ол – біздің мақтанышымыз! Ақсақал жатты­ғуларға кейде өзінің ардагер жол­дастарын да ерте келеді. Бәрі қосылып, балаларға өнеге айтады, жол сілтейді. 
Бүркіт Есжанов соғысқа 1942 жылы он тоғызға енді толған бозбала шағында аттанған. Сол кезде ол Ленинград авиациялық училищесінің курсанты еді. Бастапқыда Мәскеу түбінде бесінші атқыштар дивизиясының құрамында соғысыпты. 1943 жылы Курск түбінде болған шайқастарға да қатысқан. Сол ұрыстарда ауыр жараланып, госпитальға түседі. Қайсар жас көп ұзамай қатарға қосылып, жауынгерлік жорығын жалғас­тырады. Соғыс біткеннен кейін де елге оралмай, Солтүстік-Шығыс Қытай мен Моңғолияны жапон басқыншыларынан азат ету ұрыстарына қатысқан. Туған жер, өскен ортасына тек 1948 жылы ғана оралады. Елге келгеннен кейін өз алдына отау тігіп, отбасын құрған. 
Содан беріде жетпіс жылға жуық уақыт өтіпті. Бүркіт ақсақал мен Күмісжан әжейдің бауырынан шыққан сегіз баладан үлкен бір әулетті құраған немере-шөберелер өрбіген. Балаларының ортаншысы Бейбіт Есжановты көпшілік былғары қолғаптың айтулы шебері ретінде біледі. Кезінде осы Бейбіт КСРО чемпионатында топ жарып, Әлем кубогы сынының финалында өнер көрсеткен. Бертінде «Астана арландары» кәсіпқой бокс клубында жаттықтырушы болып қызмет етті.
– Курск түбіндегі шайқаста бізге фашистің миллионан астам әскері тап берді ғой, – деп еске алады Бүркіт ақсақал. – Бірақ олар соншама күшпен алпыс шақырымнан артық аттап баса алмады. Қарсы атойлап, шекараға дейін қудық. Танкілермен, зеңбіректермен қаруланған кеңес әскерлері не деген жанкешті еді!? Жауынгерлеріміз де, офицер­леріміз де қарсы шабуылға әбден машықтанған, әскери ұрыс қимыл­дарын жіті меңгерген шақ еді ол. 10 тамыз күні біз Орел қаласын жаудан азат еттік. Тура сол қала үшін болған ұрыс кезінде мен ауыр жараланып, Алексин қаласының госпиталінде екі ай жаттым. Кейін жауынгерлік сапқа қайта тұрдым. Оңай болған жоқ, бірақ біз бәріне де төзе білдік! Қазір ғой, мамыражай заман. Бүгінгі жастарда бәрі бар. Олар осындай бейбіт елде тұрып жатқандарына қуануы керек. Өскелең ұрпақ Қазақстандай елі барына тәубасын айтып, керек уақытында оны бір кездегі біздер сияқты қорғай білсе екен деймін! 
Жыл сайын жеңіс мерекесінің қарсаңында майдангер ақсақалға облыс пен қала әкімдері, журналист ағайынның «маза» бермейтіні бар. Құтты қонақтар келген ондай жағдайда алпыс бес жыл отасқан бәйбішесі Күмісжан шешейдің дастарқаны жиылған емес. Ал қатал тағдыр отқа салса жанбаған, суға салса батпаған Бүркіт ақсақалдың әңгімеден аянып қалған жері жоқ. Мұндай сәттерде жүзге қадам басқан қария­ның жүзі нұрланып сала береді. Жүріс-тұрыс – ширақ, ой – сергек, жадта бәрі сайрап тұрған соң жүректі нұрландырған оттың жарығы қайдан көмескі тартсын?!

Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

16.11.2018

Алматыда белгілі сахна суретшісі Мұрат Сапаровтың көрмесі өтті

16.11.2018

ШҚО Зайсан ауданында Баймұрат батырға ескерткіш қойылды

16.11.2018

Қ. Тоқаев халықаралық кездесулер өткізді

16.11.2018

​Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

16.11.2018

Үнді бизнесмендеріне Қазақстандағы инвестициялық жобалар ұсынылды

16.11.2018

Д.Кәлетаев Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан Азаматтық Форумның жұмысына қатысты

16.11.2018

Қазпошта 111 франчайзинг нүктесін ашты

16.11.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

16.11.2018

Астанада жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздарына құрмет көрсетті

16.11.2018

Шымкенттен Дубайға ұшатын рейс ашылады

16.11.2018

Шымкентте Қазақстан – Өзбекстан бірінші аймақаралық форумы өтті

16.11.2018

Қостанайлық полицейлер жедел-профилактикалық шара кезінде мал ұрлығын ашты

16.11.2018

Соңғы 10 айдағы салықтық түсімдер бойынша жұмыс қорытындыланды

16.11.2018

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу