Президент • 24 Қаңтар, 2017

Кәсіпкерліктен лайықты қайтарым күтіледі

4129 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығын қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кәсіпкерліктен лайықты қайтарым күтіледі

Кездесуде Қазақстан Президентіне Ұлттық палатаның 2016 жыл­ғы жұмысының қоры­тын­дылары, рес­пуб­ликалық биз­нес қоғамдастығының дамуы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспар­лар туралы төралқа төр­ағасы Т.Құлыбаев пен бас­­қарма төрағасы А.Мыр­­захметов баяндады.

Елбасы бизнесті қол­дау жөнінде Үкімет мақ­сатты түрде тұрақты жұ­мыс жүргізіп отырғанын атап өтті.

– Заңнамалық актілерге дер кезінде өзгерістер ен­гізу бағытында жүйелі жұ­мыстар жүргізілуде, тексеруші мекемелер саны қысқартылды, жос­пар­лы тексерістер тоқта­тылды. Кәсіпкерлер заң­на­малық үдерістерге бел­се­не атсалысып келе­ді, бұл елдің ішкі жалпы өні­міндегі биз­нес­тің үлесін арттыруға ық­пал етуге тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті елдегі кәсіп­керлікті дамыту үшін мем­лекет қабылдап жат­қан шараларға бизнес өкілдері тарапынан лайықты қайтарым болуға тиіс екеніне назар аударды.

– Мемлекет тарапы­нан көрсетілген қам­қор­­лық пен қолдауға биз­нес­тің лайықты жауап беретін кезі келді. Аза­мат­тарды кәсіп­керлік саласына тұ­рақты түрде тартып, олардың ел эконо­ми­ка­сын­дағы үлесін арттыру үшін жұмыс жүргізу қа­жет, – деді Мемлекет бас­шысы.

Палата басшылығы қазіргі уақытта шағын және орта бизнес үлесі іш­кі жалпы өнімнің 25%-ын құрайтынын, онда 3 мил­лионнан астам адам жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. 2016 жылы 11,2 трлн теңгенің өнімі өнді­­рілген, бұл – 2015 жыл­ғы көрсеткішпен са­­лыс­­тырғанда 6%-ға ар­тық.

Сонымен бірге, бас­қарма төрағасы Елбасы­ның тапсырмасы бойын­ша рұқсат беру және бақы­лау-қадағалау саласында ревизиялық жұмыс жүргі­зіліп жатқанын атап өтті. Оның нәтижесінде рұқ­сат беру құжаттары ай­тар­­лық­тай азайтылып, жос­­пар­лы тексерістер тоқ­та­тылды.

– Бас прокуратурамен, Парламент депутат­тарымен бірлесіп, қазір ша­ғын және орта бизнес қызметінің түрлі сала­сын­дағы санитарлық-эпиде­мио­логиялық талаптарды қайта қарас­ты­ру­дамыз, – деді А.Мыр­захметов.

Бұдан бөлек, Ұлттық палата басшы­лығы отан­дық кәсіпкерлердің жұ­мысын оңтайландыру және тиімдірек ете түсу үшін мобильді қызметтер қалып­тас­тыруға қатысты жүргізіліп жатқан жұ­мыс­тар туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қо­ры­тындысы бо­йынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды