Бизнес • 23 Қаңтар, 2017

Егіншілерге егінжайға арналған дәндердің деректер базасы қолжетімді болды

2359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» республикалық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп сатуға ұсынылатын репродукциялары бойынша сортты тұқымдардың көлемін, аттестатталған тұқым өңдірушілердің атауларын, олардың тұрғылықты жерін және байланыс деректерін, сондай-ақ баға ұсынымын көрсетумен ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары мен будандары бойынша деректер базасын әзірледі.

Егіншілерге егінжайға арналған дәндердің деректер базасы қолжетімді болды

Сол сияқты әрбір сорт бойынша шаруашылық-биологиялық қысқаша сипаттамасы, ұсынылатын топырақ-климаттық аймақтар және пайдалану бағыты берілген.
Мақсат – 2017 жылдың егініне себі үшін тұқымдарды іріктеп алуда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көмек көрсету.

Деректер базасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mgov.kz және «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» РММ www.goskomsort.kz сайттарында орналастырылған.