Әдебиет • 10 Тамыз, 2017

Қасірет картиналары

882 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше елордадағы Ұлттық музейде танымал қылқалам шебері, антиядролық ұстанымын өзінің шығармашылығына арқау етіп жүрген азамат Кәріпбек Күйіковтің «Радиация» атты көрмесі өтті.

Қасірет картиналары

Суретші 1947-1991 жылдар ара­лығында 490 дүркін атом бом­басы (26 дүркін жер бетін­де, 87 дүркін атмосферада, 354 дүркін жер астында) жарылып, сынақ жүргізілген Семей ядро­лық полигонына іргелес Егін­дібұлақ ауылында туған. 

«Бала кезімде жарылыс­тан үйдегі аспалы шамдар қоз­ғалып, ыдыс-аяқ сылдырлай­тын. Бәріміз далаға атып шы­ға­тын­быз. Бізге радио хабар­лама арқылы «ешқандай ра­диа­цияның тарамағаны» туралы айта­тын.  Сөйтсек, олай болмапты, мен туған ауыл 40 жыл радиа­ция уын жұтыпты. Көп­теген отбасында мүгедек ба­лалар дүниеге келді. Соның бір куә­сі менмін. Сондықтан өмі­рім­ді осы мәселеге арнадым», дейді К.Күйіков.
Көрмеге суретшінің  20-ға тарта туындысы қойылды. Олар­дың арасында кенепке майлы бояумен салған: «Полигон құр­баны», «Ана қорқынышы», «Аман қалған», «Бұрышта», т.б. картиналарымен қатар аква­рель стилінде қағазға жа­зыл­ған «Қазақ эпосы», «Қарт­т­ар» атты шығармалары бар. Туындылардағы басты та­қы­рып – ядролық қарудың адам баласына тигізген зардабы. Сондықтан да болар  2016 жы­лы Вашингтон қаласында өт­кен Ядролық қауіпсіздік сам­митінде Елбасы Нұрсұлтан На­­зарбаев сол кездегі АҚШ Пре­­зиденті Барак Обамаға Күй­і­ков­тің «Жарылыс» атты картинасын табыстаған болатын. 

Жиынды ашып, сөз сөйлеген Ұлт­тық музей басшысының мін­детін атқарушы Жәкен Тай­мағамбетов мырза, бұл ша­раның осымен үшінші мәрте ұйым­дастырылып отырғанын, бұл жолы 1945 жылы 6-9 тамыз­да Жапонияның Хиросима жә­не Нагасаки қалаларына тас­тал­ған атом бомбасының зарда­бын еске алу мақсатында өтіп отырғанын жеткізді. 

Көрменің өтуіне қолдау көр­се­ту­шілер атынан – Сыртқы іст­ер министрінің орынбаса­ры Роман Василенко мен Жа­по­ния­ның еліміздегі Төтенше жә­не өкілетті елшісі Итиро Ка­вабата жылы лебіздерін біл­діріп, шығармашылық иесіне толайым табыстар тіледі.