Қазақстан • 10 Тамыз, 2017

Елбасы кітапханасы байқау жариялады

617 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!». Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы, сазгер, ағартушы, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушысы және тұңғыш классигі Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған «Абай оқулары» атты жыл сайынғы әдебиет сайысын жариялайды.

Елбасы кітапханасы байқау жариялады

Әдебиет сайысының шарттары:

1. Абайдың кез келген өлеңін (немесе қара сөзінен үзінді) бейнеге түсіру керек (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде).

2. Түсірілген бейне Facebook немесе Instagram әлеуметтік желісіне #біздіңАбай #Абайәдебиетсайысы#ЕлбасыкітапханасыАбай хэштегтерімен жүктелуі тиіс.

3. Сайыс 2017 жылғы 4-15 тамыз аралығында өтеді.

4. Әдебиет сайысының нәтижелері бойынша мәнерлеп оқыған үздік қатысушылар Елбасы кітапханасында салтанатты түрде марапатталады.