Театр • 11 Тамыз, 2017

Астанада «Кетпейсің. Болды, кетпейсің...» спектаклінің премьерасы өтті

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 тамыз күні Астанада Қызылорда облыстық филармониясы жанындағы «Әдемі» балалар музыкалық театр студиясы мен Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры өнерпаздарының қатысуымен «Мазасыз тиін» және «Кетпейсің. Болды, кетпейсің...» қойылымының премьерасы көрермен назарына ұсынылды.

Астанада «Кетпейсің. Болды, кетпейсің...» спектаклінің премьерасы өтті

Г.Остердің «Мазасыз тиін» туындысы Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында сахналанды. Үлкенге сыйластық, кішкентай  балаларға қамқор болу, достарына көмек қолын созу  сынды көріністер спектакльде айрықша сипатталған. Өнерпаздар түрлі аңдардың кейпіне еніп, жануарлардың іс – қимылын, сөйлеген сөзін балаларға шебер жеткізе білді. Қойылым режиссері – Е.Абжалиев, суретшісі – Қ.Өмірбеков. Сонымен қатар қойылымда М.Оразалиева, А.Орынбаева, Н.Ибраева,  М.Алиханов,  Қ.Абжалиев, Е.Абжалиев және т.б артистер өнер көрсетті.

Осы күні Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында М.Ахунзаденің «Кетпейсің. Болды, кетпейсің...» спектаклінің премьерасы көрсетіліп, қызылордалық өнерпаздар көрермендер ықыласына бөленді.  Айта кетейік, Спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Мұрат Ахманов. Сондай-ақ, премьераға Сәбит Рахман атындағы Шеки мемлекеттік драма театрының бас режиссері, Әзербайжан Республикасының өнер қайраткері Мирбала Салимли Сейидаскероглы қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 10-14 тамыз күндері Қызылорда облысының мәдени күндері өтуде.