Президент • 12 Тамыз, 2017

Елбасы Мысыр Президентіне көңіл айтты

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы Мысыр Президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Александрия қаласының маңындағы пойыз апаты салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», - делінген жеделхатта.