Әлем • 13 Тамыз, 2017

Вирджиниядағы Шарлотсвиллде қақтығыстар болып жатыр

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шарлотсвилл қаласында болған қақтығыста 3 адам қаза тауып, 35 адам жараланған. Қақтығыстар сенбі күні ақ нәсілді ұлтшылдардың шеруі кезінде болды, деп хабарлайды NPR ұлттық радио станциясы.

Вирджиниядағы Шарлотсвиллде қақтығыстар болып жатыр

Сурет npr.org сайтынан алынды

Қайтыс болғандардың бірі 32 жасар әйел. Оны шерушілерге қарсы қасақана көлікпен жүрген адам қағып кетті. Көлік жүргізушісі Джеймс Алекс есімді азамат кісі өлтірді деген айыппен қамауға алынды.

Қанқұйлы оқиғадан көп уақыт өтпей, полиция тікұшағы құлап, екі сарбаз қайтыс болды. Вирджиния штатының полициясы тікұшақтың шеруді бақылауда құқық қорғау органдарына көмектесіп жүргенін айтты, дейді The Associated Press.

Аталған оқиға ақ нәсілді ұлтшылдардың Конфедерат генералы Роберт Лидің ескерткішін алып тастау туралы жоспарға қарсы шеруге шығуынан басталды. Сенбі күні таңертең ұлтшылдар мен оларға қарсы топ бетпе-бет кездесіп, қақтығыстар болды. Осы себепті Вирджиния штатының губернаторы төтенше жағдай жариялады.