Президент • 14 Тамыз, 2017

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасымен кездесуде экономиканың қазіргі жағдайында мұндай басқосудың маңызды екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті

Д.Медведев Қазақстан Президентіне Еуразиялық экономикалық одақ аясында ынтымақтасудың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынастың одан әрі дамуына сенім білдірді.

– Біз достас Қазақстанның «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу барысында жеткен жетістіктеріне қуанамыз. Бұл – шын мәнінде, Сіздер үшін де, жалпы одақ үшін де маңызы зор оқиға. Бүгін біз Еуразиялық үкіметаралық кеңес аясында қазіргі экономикалық мәселелерді талқылаймыз. Жұмысқа қолайлы жағдай жасағаныңыз үшін Сізге алғыс айтамын. Екіжақты қарым-қатынасымыз соңғы жылдардағыдай, қарқынды түрде дами түседі деп сенемін, – деді Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы.