Әлем • 14 Тамыз, 2017

Түркі әлемінің жас қаламгерлері Ыстанбұлда бас қосты

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ыстанбұл қаласында Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі мен Еуразия жазушылар одағының ұйымдастыруымен Түркі әлемі жас ақын-жазушыларының бірінші фестивалі басталды. Бұл туралы twesco.org хабарлады.

Түркі әлемінің жас қаламгерлері Ыстанбұлда бас қосты

Алғаш ұйымдастырылған шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Түркия мен Түрікменстаннан және басқа 22 түркі аймағынан келген 58 жас әдебиетші қатысуда.

Өз елдерінде кітаптары шыққан немесе әдеби ортада біршама танылған жас қаламгерлер Түркі әлемі әдебиетіндегі заманауи үрдістер мен тақырып, жанр алуандылығы жайлы пікір алысып, өзара тәжірибе алмаспақ. Бұдан бөлек, ұйымдастырушылардың айтуынша, келешек түркі әдебиетін қалыптастырушы жастар елдеріне оралған соң бір-бірлерінің шығармаларын өз тілдеріне аударады деп күтілуде.

Сонымен бірге Әли Акбаш (Түркия), Анар (Әзербайжан), Төлен Әбдік (Қазақстан) пен Исмаил Бозкурт (Солтүстік Кипр Түрік Республикасы) сынды қаламы қарымды танымал ақын-жазушылар жас әдебиетшілерге дәріс оқып, өмірлік тәжірибелерімен бөліседі деп жоспарланған.

Бағдарламасы түрлі әдеби және мәдени шараларды қамтитын фестиваль 4 күнге жалғасып, 18-ші тамызда қорытындыланады.