Білім • 15 Тамыз, 2017

Астананың 65 мектебі ағылшын тілінде білім береді

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы 65 мектеп биылғы оқу жылында ағылшын тілінде білім береді. 11 білім ордасында кей пәндер (химия, биология, информатика, физика. Білім инновация лицейлерінде осы пәндерге қосымша — математика мен география оқытылады) ағылшын тілінде оқытылады. Бұл мәліметті Астана қалалық білім басқармасы таратып отыр.

Астананың 65 мектебі ағылшын тілінде білім береді

Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрі жаңа оқу жылында ағылшын тілінде білім алатын эксперименттік сыныптардың ашылатынын хабарлаған еді. Білім басқармасының хабарлауынша, Астанада ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдер тапшылығы байқалмайды. Өткен оқу жылында 280 маман курстардан өтті. Осы жылы тағы 290 маманды даярлау жоспарланып отыр. Сонымен қатар елордалық білім басқармасы берген деректерге сәйкес, 2016-2017 оқу жылында Астана мектептерінде 76 257 бала — қазақ тілінде, 53 603 бала — орыс тілінде және 682 бала — ағылшын тілінде оқытылған.