Президент • 16 Тамыз, 2017

Президент Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректорын қабылдады

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполовты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Президент Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректорын қабылдады

Кездесу барысында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры жоғары оқу орнының қыз­меті мен даму перспективасы жөнінде мәлімдеді.

– Біз бүгінде он бір халықаралық консорциумға мүшеміз. 2015 жылдан бастап QS ЕЕСА («Дамушы Еуропа және Орталық Азия») тұжырымы бойынша әлемнің үздік университеттерінің рейтингіне қатысып, осы бағалау аясында алғашқы жылы 150 жоғары оқу орнының ішінен 67-орынға ие болдық. Қазіргі уақытта университетте 50-ге жуық ғылыми жоба іске асырылуда, – деді Т.Есполов.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына отан­дық агроөнеркәсіптік кешенді инновациялық да­мытуға мүмкіндік беретін университеттің агро­технологиялық хабының қызметі жөнінде айтылды.

– Бұл хаб жаңа технологияларды, идеялар мен стартап жобаларды іздестіруге, оларды тартуға және енгізуге, сондай-ақ, мемлекет-жеке­меншік әріптестігінің тетіктерін іске асырып, уни­вер­ситеттің өзін өзі қаржыландыруын және дербестігін қамтамасыз етуге арналған, – деді Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры.

Қазақстан Президенті еліміздің аумағында ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми орталық құру қажет екенін атап өтті.
– Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізу мен мамандарды даярлаудың тиімділігін арттырған жөн. Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешеннің бәсе­ке-
ге қа­білетті, экспортқа бағытталған өнім­дері­нің кө­лемін арттыру керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды