Үкімет • 16 Тамыз, 2017

Бақытжан Сағынтаев Фиджи Республикасының Премьер-министрімен кездесті

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бақытжан Сағынтаев Фиджи Республикасының Премьер-министрімен кездесті

Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Астана қаласына үш күндік жұмыс сапарымен келген Фиджи Республикасының Премьер-министрі Джосайа Вореке Байнимарамамен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында экономика, туризм, ғылым және білім берудің түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Елдер арасындағы экспорттық-импорттық операциялардың мүмкін бағыттары қаралды.