Тәрбие • 16 Тамыз, 2017

«Е-қылмыстық іс» жобасы таныстырылды

909 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуырда Бас прокуратурада ведомствоаралық жиналыс өтті. Онда Жоғарғы Соттың, ІІМ, Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерімен бірқатар өңірлерде Электронды қылмыстық істі және оның қанатқақты сынақтан өткізілуін енгізу мәселелері талқыланды.

«Е-қылмыстық іс» жобасы таныстырылды

Жоба Елбасының елімізде цифрлы технологияларды дамыту туралы талабының аясын­да жүзеге асырылуда. Осы мақсатпен Бас прокуратураның Құқықтық ста­тистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен бюд­жет­тен қосымша шығынсыз «Е-қыл­мыстық іс» бағдарламасы әзірленді.

Бағдарлама қылмыстық про­цес­тің қылмыстың тіркелуінен бас­тап, оның тергелуі және үкім орын­далғанға дейін барлық сатысын қам­ти­ды.

Бас прокурор Жақып Асанов­тың айтуынша, цифрлы тех­но­ло­гияларға көшкен жағдай­да, қоғамның жанына батып жүр­ген біраз проблемалары шеші­леді. Олар өздігінен жойылады. Сон­дықтан осыған қатты мән беріліп отыр.

Бағдарламаның сапалы енгі­зілуі мақсатында жоғарыда атал­ған ведомстволармен бірлескен бұй­рыққа қол қойылып, ве­дом­ст­во­аралық жұмыс тобы құрылды.

Бағдарламаны бірінші болып Астана және Жамбыл облысы, 10 қыркүйектен бастап – Атырау және Шығыс Қазақстан ал 20 қыркүйектен бастап Батыс және Оңтүстік Қазақстан облыстары сынақтан өткізеді.

Электронды қылмыстық істің берері не?

a) қылмыстық істі бұрмалау болмайды, істер жоғалмайды;
б) қажеті жоқ, артық қағаздан құтыламыз;
в) электронды форматқа көш­сек, істер тезірек тергел­мек. Жүйеде 100 шақты процес­суал­дық құжаттың шаблоны болады. Соттан санкцияны электронды түрде алуға болады;
г) талдау күшейеді. Әрбір қылмыстық іске терең үңіліп, мемлекет бойынша біркелкі практика қалыптастыруға мүмкіндік ашылмақ;
д) жәбірленуші, айыпталушы, адвокат істің қалай тергеліп жатқанын кез келген уақытта онлайн режімде көре алады;
ж) электронды шағымдар модулі жұмыс істей бастайды. Тараптар тергеушінің іс-әре­ке­тіне шағым келтірсе, оны прокурор бірден онлайн тексере алады. 

Бағдарлама бөгде адам­дар­дың, соның ішінде жүйенің әкімшілерінен қылмыстық іс материалдарына рұқсатсыз қол жеткізуінен қорғайды. Істің материалдарына тек істі жүргізетін тергеуші және прокурор қол жеткізе алады.

«Егемен-ақпарат»