ЭКСПО-2017 • 16 Тамыз, 2017

Жақсыны көрмек үшін

915 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ЭКСПО халықаралық көрмесін Ұлан ауданының тұрғындары мен оқушылары аралап көруде. Үстіміздегі жылдың 26 маусымынан бастап аудан әкімдігі мен аудандық білім бөлімінің арнайы кестесі жасалды. Мектеп оқушыларының көрмені тамашалауға деген ынтасы қуантарлық. Бүгінге дейін көрмені бір жарым мың оқушы тамашалап үлгерді.

Жақсыны көрмек үшін

− Аудан бойынша Астана­дағы халық­аралық көрмені үш мыңға жуық адам тама­шаламақ. Жа­қында ғана Мамай батыр ауылы мен Сағыр орта мек­те­бі­нің, ауданның басқа ауыл­да­рындағы мыңнан астам мектеп оқушылары мен ұстаздары көрмені тамашалап қайтты. Олар ЭКСПО-ны аралай жүріп елі­міз тәуелсіздік алған ши­рек ғасыр уақытта керемет жетістіктерге жеткеніне куә болды. Ерекше әсер алған оқушылар көрген-білгендерін жерлестерімен бөлісуде. Аудан әкі­мі Дәулет Батырбаев оқу­шы­лардың барып-келуіне ерекше қамқорлық жасады, олардың жолына, жататын жеріне қаржылай көмек көрсетті. Әрине, ата-аналар да балаларына қолғабыс жа­сады, −дейді аудандық білім бө­лімінің басшысы Қуат Оқасов.

− Арқаның төріндегі Астана Ұлан ауданының Мамай батыр ауылындағы орта мектептен барған  оқушылар мен ұстаздарға ерекше ұнады. Мен ұлым − Нартай, қызым − Әсемді арқа төсіндегі ару қалаға ертіп барған едім. Олар алған әсер­лері жайлы достарына айту­дан жалыққан емес. Әсіресе, қа­ланың сол жағалауы адам та­нымастай өзгеріп кеткен. Ба­лалармен бірге «Бәйтерекке» шық­тық, ЭКСПО-ның бірнеше па­вильондарын араладық. Қазақстанның «Нұрлы Әлем» атты сегіз қабаттан тұратын па­ви­льонын аралауға жарты күн кетті. Бірінші қабаттағы күн сәу­лесі, жел арқылы электр қуа­тын өндіретін бейнефильмді та­ма­шаладық. Алған әсеріміз ерек­ше. Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясаты арқасында әлем жұртшылығы елімізді танып-білді, күн сайын дамып келе жатқанына көз жеткізді. Көрмені аралған кезде біз шетелдерден келген қонақтармен тілмаш арқылы сөйлестік. Аста­н­а­ға барған 30 оқушы, 22 ұстаздың алған әсерлері керемет, біз елімізді мақтан тұтамыз, оның дамуына үлес қоса береміз, − дейді ұстаз Динара Жаңабаева.
        
Оңдасын ЕЛУБАЙ, журналист
Шығыс Қазақстан облысы,
Ұлан ауданы

Соңғы жаңалықтар