Театр • 16 Тамыз, 2017

Алаштың «ақ келіні»

440 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Өткен ғасырдың бірінші, екінші ширегінде қазақ даласында адамдардың тағдыры толықтай тоталитарлық жүйенің уысында болды деп айтуға болады. Адам өміріне қай кезде де биліктің жанама әсері болатыны рас қой, бірақ, өткен ғасырдың алғашқы елу жылында тұтастай ұлт көрген қорлықты қалай жазсаң да, қалай сипаттасаң да жаныңды түршіктіретін тұстар өте көп. Соның ішінде жұртының қамы үшін қуғында жүріп те еңбек етуден бір жазбаған алашордашылардың тартқан тауқыметі бар қазақ үшін өмірдің ащы сабағы.

Алаштың «ақ келіні»

Осы ащы сабақтың бір мыса­лын ұлт ұстазы, ұлы ғалым Ах­мет Байтұрсы­новтың да тағ­ды­ры­нан көреміз. Аты­шулы 37-нің құрығынан құтыла алма­ған аяулы тұлғаның сүйегінің қай жер­­де қалғаны белгісіз. Сондай-ақ, жан жары үшін барлық азап пен қорлыққа көндіккен Бад­ри­са­фа­ның да қабірін әлі күнге еш­кім тап басып көрсете алмай­­ды. Ел ішінде «Ақ келін» атан­ған Бад­рисафаның Ахмет Бай­тұр­сыновқа адал жар, айнымас дос болғанын қуаттайтын көз­ көр­гендерден қалған көп деректер болса да, оның тегіне, ал­ған білімі мен қа­рым-қабі­ле­тіне қатысты мәліметтер бір-­біріне қарама-қайшы келе­ді. Тіп­ті Бад­ри­сафаның бір де бір су­реті сақтал­мауы да оның жұм­бақ­қа толы азапты тағ­дырынан хабар беріп тұр­ған­дай. 

Әрине, алаш арыстары, олар­дың жар­лары мен балалары зерт­теу нысан- д­арына айналып, осы күнге дейін көп жазылып, ай­ты­лып та жүр. Ал олардың бей­несімен өнер әлемінде ұшы­расу басқаша сезім сыйлайды. Біз Қостанай облыс­тық орыс дра­­ма театры ұсынған «Ақ келін­нің махаббаты мен өлімі» атты спек­­такльді тамашалағанда басындағы ақ жау­лығымен, ерін «төрем» деп пір тұтуы­мен, қонақ­жай­лылығымен, жомарт­тығы­мен ел­дің ықыласына бөленген «Ақ келінге» деген қимастық сезім­деріміз одан са­йын тереңдей түс­­кендей болды. Ах­мет Бай­тұр­­­сыновтың бейнесі біз үшін қан­дай ыстық болса, оның жа­ры Бад­рисафаның да бейнесі аяу­лы­лығымен жанымызға жылы ­ұшы­рады. Басты рөлде ойнаған Юлия Кудряшева Ахмет Бай­тұр­сыновтың жарының жас­тық албырттығын, жырға құ­мар, білімге құштар болмысын, ба­қыт­ты кезеңдердегі гүл-гүл бей­не­сін, сондай-ақ, ерімен бір­ге азап шеккен тұстарындағы қа­мы­рықты, шамырқанған, ең соң­ын­да Қостанайдағы аурухана­да азап шегіп өлер тұсындағы қа­­сіретті образын да барынша шына­йы шығарды. 

Осы жерде атап өтер бір жайт, «Еге­мен Қазақстанның» Қос­­танай облы­сын­­дағы мен­шік­­ті тілшісі, әріптесіміз Нә­зи­ра Жәрімбетова «Ақ келін­нің» ғұ­­мы­­рын зерттеуді мақ­сат еткен. «Бад­рисафа» экс­педициясының құрамында Ахаң мен Бадрисафаның табаны тиген Орынбор, Том қалаларында болып, «Бадрисафа бейнесі», «Ақ шәліге оранып, ашылмаған сыр», «Көмескі із­дің сәулесі» ат­ты әрі көлемді, әрі тың де­рек­ті мақалалар жазған еді. «Ақ ке­­­лін­нің махаббаты мен өлі­мі» спек­такліне осы ма­те­­риалдардың да көмегі ти­ге­ні анық. Өйткені, журналист Нә­зира Жәрімбетова мен өл­ке­танушы, Бай­тұрсыновтар әу­летінің тарихын жазған автор Ибрагим Атығайдың спек­та­к­льдің қойылымына үлес қос­қа­ны­нан хабарымыз бар. 

Елордадағы М.Горький атындағы Мем­­лекеттік академиялық орыс драма театрының сахнасында қойылған бұл спек­такльде негізгі кейіпкерді Юлия Куд­ряшова сомдағанын жоғарыда айт­тық. Ал Ахмет Байтұрсыновтың рө­лінде Құдайберген Айдосов ойнады. Шы­ғарма авторлары қос ғашықтың, тарих­тағы ерлі-зайыпты адамдардың өмір­лерінің жарқын сәттерін де, қара бұлт басқан қайғылы кезеңдерін де барынша молынан қамтуға күш салғаны кө­рі­неді. Сахнаның тез ауысып оты­руы, сөздің де, қимыл-әре­кет­­тің де басты рөлдегі кейіп­кер­лердің бейнелерін ашып көр­сетуге ұтымды пайдаланылуы, әрбір оқиғаның тұсында әр­­түрлі музыканың сәйкес қой­ылуы, сахнадағы үлкен эк­ран­ның қызметі, бәрі-бәрі де тама­ша тартымдылықпен сәй­кес­тен­дірілген. Бұл жерде шығарма авторлары Қабылхат Сейдахмет пен Людмила Фефеловаға қоса, қою­шы-режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алек­сандр Лиопаның, қоюшы-су­рет­ші Құрманғазы Қаржанов пен му­зы­камен көркемдеген Қа­ли­бек Дерипсалдиннің еңбек­те­рін де атап өту қажет. 

Жалпы, «Ақ келіннің махаббаты мен өлімі» бізге та­ри­хтың ащы сабағына қоса адал махаббаттың, айнымас дос­тықтың да бір мысалын ал­дымызға тартты. Алаштың ар­дақты ұлына жар болған орыс қы­зы Александраның (кейіннен Бадрисафа аталған) үлкен жү­ре­гін, парасатты тұлғасын та­ны­дық. Өнер тіліне көшірілген тра­гедиялы тағдырына жан ауырттық. 

Айгүл СЕЙІЛ,
«Егемен Қазақстан»