Ұлттық рух тәлімі

Егемен Қазақстан
16.08.2017 5321
2

Ұшқан құстың қанаты талатын, жүгірген аңның тұяғы күйетін кең-байтақ қазақ даласын тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында күзету мәселесін ұйымдастыру шекарашылар үшін оңай болмады. Әсіресе, кадр тапшылығы қатты сезілді. Міне, осы кезеңде Алматы қаласында орналасқан Шекара училищесіне ел басшылығы ерекше назар аударды. Жоғары командалық училище жаңғыртылып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институтына, одан кейін Ше­кара академиясына айналды. Училищені дамытып, жетіл­діргенмен барлық мәселе бір­ден шешіле қойған жоқ. Енді бойында қазақтың еліне, же­ріне деген махаббаты бар ше­карашылардың жаңа буынын дайындау мәселесі тұрды. Ол үшін Әскери институтқа осы міндеттерді атқаратын басшы керек болды. Таңдау көп адам­ға түсті. Соның ішінде бұл жауапкершілік қазақтың біртуар азаматы, генерал Бауыржан Елу­баевқа жүктелді. Ал генерал Әс­кери институтқа келген күн­нен бастап қазақстандық шекарашыларды даярлау ісіне бел шешіп кірісті.  

Мемлекеттік тіл бөліміне қарасты бөлімше бастығы болып ауысып келген алғашқы сәттен бас­тап байқағаным, ұлттық рухты, қазақы салт-дәстүрді ұлықтауға бағытталған бастаманың бар­лы­ғын Бауыржан Ысқақұлы сөзсіз қолдайды екен. Басшысы мықты, қосшысы табанды болса, қара жерде кеме жүргізбей ме. Генералдың өзі қолдап қана қоймай өткізуге барынша жағдай туғызған бастаманың бірі – 2007 жылғы 16 желтоқсанға қарай ұйымдастырылған «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым – желтоқсан» атты тарихи-танымдық әдеби-сазды кеш болатын. Кештің негізгі идеясы оқу орнының бет-бейнесінен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы кезінде сол кездегі биліктің ше­­­кара ущилищесі курсантта­рын алаңға шыққан жас­тарды тыныштандыруға пай­да­лан­ғандығынан түскен қа­ра дақ­ты кетіру еді. Кеш­ке Ләз­зат Аса­нованың, Қай­рат Рыс­­құл­бековтің, Ербол Сы­па­таев­тың аналары шақы­рылды. Жел­тоқсан оқиғасынан көлеңке эффектісі арқылы театр­ландырылған көрініс көрсетіліп, арнайы ша­қырылған Құрманғазы ұлт ас­паптар оркестрі «Желтоқсан» шығармасын орындады. Кештің кульминациялық сәті − Бауыржан Ысқақұлының сахнаға көтеріліп, Желтоқсан құрбандарының аналарынан кешірім сұрау сәті болды. Аналардың иықтарына қамзол жабылып, бастарына орамал салынды. Құрмет қа­рауылы үлкен себеттермен гүл­дестелер әкеліп, алдарында бір тізерлеп, бастарын иді. Сол күн – қасиетті жұма еді. Бұ­дан әрі қарай боз­дақтардың әруағына арналып ас беріліп, құран бағышталды. 

Тәрбиеші-офицерлерге Отан қорғаушы өз елін, өз елінің салт-дәстүрін, тілі мен ділін жан-жүрегінен өткізген, жанындай сүйген адам болуы керек екендігі түсіндірілді. Себебі, болашақ ел қорғаушының отан­сүйгіштік тәрбиесінде ошақ­тың үш бұтындай – діл, тіл және дәстүрдің орны бөлек екендігі бесенеден белгілі. Туған жерге, елге деген махаббат, парыз сезімі осыларға деген құрметтен туындайды. Осы үштағанның  біреуіне деген немқұрайдылық – рухани тұрақсыздыққа әкеліп соғатындығын тарих талай мәрте дәлелдеген. Б.Момышұлы бұл туралы: «Халықты жауынгерлік асыл қасиеттерге тәрбиелейтін дәстүрлерінен қалай айыруға болады? ...Қатарымызды толық­тырар жаңа күш келіп қосылып жатады, олардың кейбіреулеріне қарасақ, бет әлпеті біздікі, ал кеудесіне үңілсек, аяғы аспаннан салбырап түскендей. Бұл қалай деп ойлайсың? Оның бойын­да не қазаққа, не орысқа тән ешнәрсе жоқ. Бұл жағдай менің зығырданымды қайнатты, неге бұлай болды деп мұның себебін іздеуге мәжбүр болдым, сөйтсем бұл сорлы бейбақ өзінің халқының игі дәстүрлерінен мүлдем бейхабар мақұрым екен. Егер бұл саналы түрде істелінсе – онда зиянкестік болғаны, ал егер саналы түрде істелінбесе – онда халқымыздың игі дәстүрлерін аяққа басып таптағандық – н­ағыз ақымақтық әрекет бол­ғаны. Дәстүр тәрбиенің басты қай­­нарларының бірі болып табылады әрі оның өте үлкен мәні бар», деген болатын «Соғыс психологиясы» еңбегінде. Жауын­герлік тәрбиеде тектілік, махаббат, сұлулық, төзімділік, сенім, көпшілдік, отансүйгіштік ұғым­дары біртұтас. Осыны Бауыржан Ысқақұлы жан-жүрегімен тү­сініп, институттың оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асырды. 

Қанатбек СОЛТАНОВ,
полковник, ҰҚК Шекара академиясының аға оқытушысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.11.2018

Бақытжан Сағынтаев Таразда Халықты жұмыспен қамту орталығына барды

14.11.2018

Асқар Мамин өңіраралық семинар-кеңеске қатысты

14.11.2018

Премьер-Министрге «Смарт-Тараз» және Тараз-Хаб жобалары таныстырылды

14.11.2018

Азамат Батырқожа «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК басқарма төрағасы болып тағайындалды

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысының бизнесмендерімен кездесу өткізді

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысында тұрғын үй бағдарламаларының іске асырылуымен танысты

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысында Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысады

14.11.2018

Алматыда экстремизмге қарсы халықаралық семинар өтті

14.11.2018

Қостанайда Торғай геоглифтері туралы кітап шықты

14.11.2018

Шығыс Қазақстан облысында 655-тен астам ІТ сыныптар іске қосылады

14.11.2018

Бүгін латын графикасы негізіндегі «Жалпыхалықтық диктант» өтті

14.11.2018

Елбасы роботталған хирургияның халықаралық референстік және оқыту орталығына барды

14.11.2018

Көкшетауда жылу-электр орталығы салынады

14.11.2018

«Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасында сауда-саттықты іске қосу салтанатты рәсімі өтіп жатыр

14.11.2018

Ыстамбұлда «Ұлы даланың тарихи-мәдени келбеті» атты халықаралық көрме ашылды

14.11.2018

Елбасы АХҚО Биржасының алғашқы сауда-саттығын іске қосты

14.11.2018

Ұстаз құрметіне дәрісхана ашылды

14.11.2018

Шетелде тегін білім алғыңыз келсе...

14.11.2018

26 мың медицина маманын қанат қақтырған қара шаңырақ

14.11.2018

«Барыс» үшінші орынға көтерілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу