17 Тамыз, 2017

«Нұрлы жолдың» жарығы

626 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың Қазақстан хал­­қына Жолдау­ын­да жария етілген «Нұрлы жол» инфрақұрылымды да­мы­­тудың 2015-2019 жыл­дар­ға арналған мемлекеттік бағ­дар­ламасы мемлекеттің дамуына ерекше үлес қосып отыр.

«Нұрлы жолдың» жарығы

Отандық сарапшы мамандар «Нұрлы жол» бағдарламасы жа­һандық қатерлерден туындайтын сыртқы факторларға қарсы жауап қана емес, ішкі экономикалық өсімді қамтамасыз етуді көз­де­ген кешенді шаралардың бір­тұ­тас жиынтығы деген ойда. Бағдар­ламаның басты өзегі отан­дық инфрақұрылымды дамыту болып табылатындықтан, ол елі­міздегі ұлттық идея – индус­трияландыру саясатымен де біте қайнасып жатыр. Сон­дай-ақ, әлеуметтік жаң­ғырту бағытындағы кешен­ді шаралар­дың бағытын анық­тап, отандас­тарымыздың лайық­ты өмір сүруі­не қажетті басым­дық­тарды қол­дауға арналғандығымен де қызу қуаттауға ие болды. Са­­рап­шылар­дың пікірінше, әлеу­меттік сала­дағы баспанамен қамту, тұр­ғын үй­лерді жаңғырту, көлік-жол инфра­құрылымын жақсарту бағыт­­­тары бойынша қолға алын­ған жұ­мыстарға жұрт риза. Және бұл жұ­мыстар оң нә­тижесін бере бастады. 
Негізінен, тиімді көліктік-ло­гис­ти­калық инфрақұрылым құру, индустрия­лық инфрақұрылымды және туристік инфрақұрылымды дамыту, бірыңғай электр энергия­сы жүйесі шеңберінде энерге­ти­калық инфрақұрылымды нығай­­ту, тұрғын үй-коммунал­дық ша­руашылығының инфра­құ­ры­лы­мын және жылумен, сумен жаб­дықтау мен су бұру желілерін жаң­­ғырту, азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арт­тыру, білім беру саласының инфра­құ­рылымын дамыту және кәсіп­керлік субъектілерінің бәсекеге қа­бі­­леттілігін жетілдіру сияқты бір­­неше сүбелі бағыттарды қамти­тын мемлекеттік бағдар­ла­маның жүзеге асуы орта мерзімге жос­пар­ланғанымен, жекелеген салаларда «Нұрлы жолдың» шарапаты дәл қазіргі күні анық сезіліп отыр.
Біз бүгін осы бағдарламаның бір сүбелі бағыты – бірыңғай электр энергиясы жүйесі шеңберінде энер­гетикалық инфрақұры-
лым­ды нығайту жұмыстарындағы қол жеткен нәтижелер туралы тілге тиек етпекпіз. 

Жалпы, электр жарығынсыз қа­­зіргі өмірді елестетуге бола ма? Әрине, мүмкін емес! Адам­зат­тың осы энергияға деген тәуел­ділігі 1882 жылдың 4 қыркүйе­гінен басталған екен. Дәл осы күні То­мас Эдисон деген өнер­тап­қыш элек­тр тогын қосатын қондыр­ғыны бұрап Манхеттендегі бір үйді жа­рық­тандырған болатын. Ол үй «J.P.Morgan банкі» қар­жы ме­ке­ме­сінің кеңсесі еді. Эдис­сонның шағын электр стан­са­сын­да өндірілген қуаттың күші жүзге жуық шағын лампаны жа­ғуға же­тіп, әлем тарихында жаңа бет­­бұрыс жасалды.

Айтпақшы, заманында Ле­нин­нен қалған «Коммунизм дегеніміз – бүкіл елді электрлендіру» деген сөз­дің жаны бар. Әдебиет пен кө­семсөзде «Ильич шамы» деп әсіре суреттелген энергия­мен қам­та­масыз ету саясаты адам­дардың лайықты тұрмысқа қол жет­кізуі мен мемлекеттегі өндіріс пен шаруашылықтың қарыш­тап дамуына да орасан ықпал етті. Бірақ, Қазақстандағы ең шал­ғай ауылға электр шамын жақ­қан Кеңес Одағының тұсында да елді жаппай қуат көзімен қамту толыққанды шешілген жоқ. 

Еліміз тәуелсіздіктің 25 жыл­­дығында қуат көзіне зәрулік се­зін­бесе де, мемлекеттік сая­сат­тың басты ұстанымы ретінде аймақтарды тұрақты әрі арзан энергиямен қамтамасыз ету күн тәртібінен түскен емес. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамы­ту бағдарламасы қазір осы ауқым­ды міндетті атқарып, негізгі мақсатқа қол жеткізу үшін ал­тын көпір болып отыр. Мысал­ы, байтақ елді сапалы қуат көзі­мен қамту мақсатында «Сол­түстік – Шығыс – Оңтүс­тік энергия тасымалдау желі­лері­нің» құрылысы жүріп жатыр. Бұл теңдессіз жобаның жүзе­ге асырылуы екі кезеңнен тұра­ды. Алғашқы кезеңі – қуат­ты­лығы 500 кВ болатын Екібас­тұз – Шүлбі – Өскемен желісі­нің құрылысы болатын. Жоба­ның жүзеге асу уақыты 2011-2017 жылдар аралығы еді. Қуаныш­тысы, қаржылық құны 53,3 млрд теңге болатын жоба мерзімінен бұ­рын аяқталып, 2016 жылдың 6 жел­тоқсанында өткен «Индус­трия­ландару күні» шарасында Елбасы Н.Назарбаевтың қаты­суымен іске қосылған болатын. 

Айтуға оңай болғанымен, бұл алып жоба аясында тар­тыл­ған 405 шақырымды қамтитын, тасымал қуаттылығы 500 кВ болатын Екібастұз – Семей же­лісі мен 192 шақырмға созыл­ған Семей – Өскемен учаскесі же­лі­­сі­нің өзі қыруар еңбек пен қар­жы­ны қажет ететіні аян. Жә­не бұл жобаны жүзеге асыруға кет­кен қаржы мемлекеттің есебінен емес, «KEGOK» компани­я­сы­ның капиталынан жұмсалды. Яғ­­ни, бағдарлама таза инвести­ция тарту арқылы сәтті жүр­гізіл­ді. 

«Нұрлы жол» инфрақұ­ры­­лымды дамыту бағдарла­масы­ның негізінде еліміздің энер­гетикалық мүм­кіндіктерін арттыру жал­ғасып жатыр. Әлгінде айтыл­ған «Солтүстік – Шығыс – Оң­түс­тік энергия тасымалдау желі­лерінің» құрылысы толық­тай 2018 жылы аяқталады деп кү­тілуде. Қуаттылығы 500 кВ болатын Шүлбі ГЭС-інен бас­талған екінші бағыт Ақтоғай – Талдықорған арқылы жал­ғасып, Алма стансасына дейін созылады. Қағаз бетіне оңай жазылғанымен, аталған учас­келердің арасы көз жетпей­тін қашықтық екені және рас. Мәселен, Семей мен Ақто­ғайдың арасы 400 шақырым шамасында болса, Ақтоғай мен Талдықорғанның қашықтығы 288 шақырым екен. Ал соңғы жеткізу нүктесі саналатын Алма стансасына дейін тағы 200 шақырымнан асатын қашықтық қосылады. Мұның сыртында тасымалдау желілері өтетін аумақтардағы ішкі желілер, жолай қосылатын тірек стансалары сияқты қыруар жұмыс және атқарылды. Қазір бұл жоба бойынша тиянақтау жұ­мыс­тары жүргізіліп жатыр. Бұйыр­са, 2018 жылы еліміз өз тәуел­сіздігінің тарихында ішкі энер­гетикалық қауіпсіздікті қам­та­масыз ету бойынша кезек­ті жеңі­сін тойлайтын болады. Бұған дейін батыс аймақта ішкі тасы­мал желілері бойынша жұ­мыс­тар сәтті аяқталған болатын. 

Айтпақшы, «Солтүстік – Шы­ғыс – Оңтүстік энергия тасымалдау желілерінің» толықтай іске қосылуы Отанымыздағы кен өндірісіне қажетті энергия шығындарын азайтып, темір жол бойы тұтынатын қуат көзін қолжетімді етеді. Сон­дай-ақ, бұл жобаның жүзеге асуы шекара бойындағы аудан­дар мен басқа да жүздеген елді мекен­ді толықтай энергиямен қамтамасыз етіп, арзан әрі тұ­рақты қуат көзіне қосылуға мүм­кіндік береді.
Ендеше, «Нұрлы жолдың» жарық сәулесі алыстан көз тартатын күн жақын.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»
 

Соңғы жаңалықтар