Үкімет • 18 Тамыз, 2017

Достық пейілді серіктестік

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен Боливияның сыртқы істер министрі Фернандо Уанакуни Маманидің кездесуі өтті. 

Достық пейілді серіктестік

«Біз мазмұнды келіссөздер өткізіп, Саяси декларацияға қол қой­дық. Ал енді осы құжатта екі­жақты күн тәртібіндегі ең маңызды ас­пек­тілер, сонымен қатар бұдан бұрын жоспарланған визалық талап­тардан босату жөніндегі келі­сімге қол қою көрсетілген. Сондай-ақ, әңгіме барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де тал­қыланып, Боливияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы сөз болды. Сол сияқты тараптар ара­сын­дағы сауда көлемін арттыру мен оның құрылымдық әртараптан­дырылуына, экономикалық бағыт пен энергетика салаларындағы іс-қимылды дамытуға уағдаластық», – деді Қ.Әбдірахманов.
Өз кезегінде сөз алған Боли­вия­ның сыртқы істер министрі Фер­нандо Уанакуни Қазақстанға жа­са­ған бұл сапары өте сәтті өткенін тілге тиек етті. 
«Қазақстан мен Боливия ара­сын­дағы қашықтық достық пейіліміз бен сенімді серіктестігіміздің ны­ғаюына ешқандай да кері әсерін тигізбейді деп санаймын. Байқасақ, біздің арамызда екі ел қарым-қаты­насының жаңа деңгейге көте­рі­луіне сеп боларлықтай ұқсас­тықтар өте көп екен. Тіпті халық­тар арасындағы тұрмыс-салт пен болмыс-бітіміндегі нәзік иірім­дерінен бөлек, Қазақстан мен Боли­вияның сыртқы саясаттағы мақсат-мүдделері де өзара үндесіп жатқаны сөзсіз», деді Ф.Уанакуни.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»