18 Тамыз, 2017

Батыс қазақстандықтар ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалады

297 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуырда елордада Батыс Қазақстан облысының мәдениет күндері өткен болатын. Аталмыш шараға ауданымыздан 40-қа жуық делегат қатысып келді. Астана сапарында жерлестеріміз әлем елдері көз тіккен халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалауға мүмкіндік алды.

Батыс қазақстандықтар ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалады

Олар Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің бас­тамасы­мен, аудандық «Мұ­хит жастары» ЖҚБ-ның қол­да­уы­мен елорда­да бес күндей болып, ару қа­ла­ның таңғажайып кө­рінісіне куә болды. Қонақтар арасында ауданымыздың әлеу­меттік-эко­номикалық дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан ардагер аға­ла­рымыз, білім, мәдениет сала­сы­ның білікті мамандары, жалынды жастар және бірқатар мекеме бас­шылары мен ауыл әкімдері болды.
ЭКСПО қалашығындағы таң­ғажайып павильондарды, сәу­лет өнерінің ең соңғы үл­гі­ле­рі­мен салынған әсем ғи­ма­рат­­тар­ды аралап, ерекше үлгіде топ­­­тастырылған ғы­лым мен тех­ни­­каның соңғы жаңа­лық­та­ры­мен танысты. Шексіз қуа­ныш­қа бө­ленген қариялар қысқа мер­зім ішінде Астана көркіне кө­рік қо­сып, ерекше сәулеттеніп, да­мып кет­к­ендігіне таңданысын біл­дірді.

Астанадан алған әсері жөнін­де баяндаған аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орын­ба­са­­ры Еркінбек Жәнібеков:

– Бұл сапар маған ерекше әсер етті. Біріншіден, ел игілігі жолын­да қажырлы еңбек еткен аға ұрпақ өкілдеріне үлкен ілтипат білдіріп, құрмет көрсету болса, екіншіден, ЭКСПО-2017 көрмесіндей ел өміріндегі айтулы оқиғаны көзбен көрудің сәті түсті. 

Менің назарыма басты нысан – жер шарын бейнелейтін «Нұр-Әлем» сферасы түсті. Сфераның өзе­гін­де біздің ұлттық павильон орна­ласқан. Онда қазақстандық ға­лымдардың ең озық жобалары көрсетілген. Осы көрмені та­ма­шалап жүргенімде өзімнің қа­зақ екеніме, Қазақстанның аза­маты екеніме қуандым, мақ­тан­­­дым! Себебі, шетелдерден кел­­­ген қонақтар біздің әсем Ас­та­на­мызға, ондағы әдемі де зәу­лім ғи­мараттарға, көрме қа­ла­шығына таң­даныстарын жа­сыра алмай, та­ңырқай қарап жат­қан кезде бойым­ды мақ­та­ныш сезімі би­леді. Осы­ның бә­рі, әрине, елдегі тұ­рақ­­ты­лық­тың, Елбасымыздың кө­реген саясатының арқасы.

Алдағы уақытта ЭКСПО көр­месін тамашалауға ауданы­мыз­дың бірқатар еңбек адамдары ба­ра­ды деп жоспарлануда.

Маралбек АМАНТАЕВ,

Батыс Қазақстан облысы