Аймақтар • 18 Тамыз, 2017

Павлодарда 98 ауыл әкімі сайланды

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, елімізде биылғы жылға бекітілген ауыл әкімдерін сайлау 16-17 тамыз күндері өтті.

Павлодарда 98 ауыл әкімі сайланды

Өңірде қалалық және аудандық сайлау комиссиялары ауыл әкімі лауазымына 279 үміткер тіркепті. Оларды құпия дауыс беру құқығы негізінде мәслихат депутаттары сайлады. Ауылдық аумақтар мен ауыл әкімдеріне дауыс беру орындары сайлаушылар отырысы өткен ғимараттарда ашылып, қажетті құралдармен жабдықталды.

Облыстағы 13 ауданда сайлау үрдісіне 167 депутат қатысты. Сөйтіп, 279 үміткердің ішінен 98 ауыл әкімі сайланды. Сайланған әкімдердің 80-і ер адам болса, 18-і – әйел. Оның ішінде: педагогтар – 47, ауыл шаруашылығы мамандары – 18, экономистер – 11, заңгерлер – 11, инженерлер – 11. Жас ерекшеліктеріне келетін болсақ, алты адам – 25-30, 10 адам – 30-35, 25 адам – 35-45, 45 адам 45-55 жас аралығында және 12 адам 55 және одан жоғары жаста. Ең жас әкім – 25 жастағы Ерғанат Қайкен Май ауданы Майтүбек ауылында тұрады.

Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар